ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Метрополис
03.08.2024, 17:45

2024 жылғы 3 тамызда Оңтүстік астанада өткен монахтық конференцияда Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың баяндамасы.

2024 жылғы 3 тамызда Оңтүстік астанада өткен монахтық конференцияда Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың баяндамасы.
Құрметті Жоғары Мәртебелісі!
 
Ардақты әкелер, ардақты апалы-сіңлілер!
 
Атаулы әулиелер – қасиетті Серафим Саровский мен Илия пайғамбарды еске алу күндерін атап өткеннен кейінгі Мәскеу және бүкіл Русьтің Ең Әулие Патриархы Кириллдің батасымен өткізіліп отырған Қазақстан Митрополиттік округінің дәстүрлі монахтық Конференциясының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қош келдіңіздер деймін.
 
Монахтардың мұндай кездесулері не үшін қажет? Оптинск ақсақалдары өз шәкірттеріне үш-төрт жылда бір рет ежелгі аскетик әкелер- Авва Дорофей, Иоанн Лествичник, "Мейірімділік" және басқа да осындай шығармаларды ішкі рухани бағдарларды жаңарту және нығайту үшін қайта оқуға кеңес берді. Бұрыннан таныс болып көрінетін аскеттік әдебиеттерді ашқан сайын, шіркеу тұрғыны әркез жаңа нәрсе табатын. Монахтық конференциялар да осындай мақсатты көздейді - дұға ету немесе нәпсімен күресу саласындағы өзіндегі бар білімді жаңарту, монастырлық өмірдің өзекті сұрақтарына жауап табу үшін құнды  патристикалық мұраны зерттеу, өзіне және рухани балаларына мойынсұнушылықпен пен шіркеу еңбектерін тұтастай орындаудың жаңа мотивтерін табуға көмектесу.
 
Қазақстандық монахтардың бұл жолғы басқосуының тақырыбы өте өзекті – біз монастырларды жаңа бауырластармен толықтыру мәселелерін талқылаймыз.
 
Монахтық жол шіркеу өмірінің өте маңызды ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі Қазақстан аумағындағы "ораза өмірі" дәстүрлері 1881 жылы Түркістан епископы Александр (Кульчицкий) Ыстық-Көл көлінің жағасында Свято-Троицкий монастыры құрылған кезінен бастау алады. Қазақстан жерінде еңбек еткен қасиетті монахтардың қатарында біз православиенің жарқын әулиелерді құрметтейміз – Оптинск монах мұрагері қасиетті діндар Қарағандылық Севастиан, Глин шағын моастырының  рухани тәрбиеленушілері – шейіт иеромонахтары Серафим (Богословский), Феогност (Пивоваров) пен Анатолий (Смирнов), Ыстық-көл Троица монахы, шейіт иеромонах Пахомия (Русин) және діни қызметкер иеромонах Ираклий (Матяха). ХХ ғасырда мұнда есте қаларлық шіркеушілер, діни қызметшілері – архимандрит Кирилл (Бородин) және архимандрит Исаакий (Виноградов) жұмыс істеді.
 
Елдегі монастырлық өмірдің жандануы өткен ғасырдың соңында, шіркеу еркін даму мүмкіндігіне ие болған кезде басталды. 1993 жылы Өскеменде Қазақстанның қазіргі тарихындағы алғашқы Живоначальная Троица құрметіне арналған монастырь ашылды, 1994 жылы Алматыға жақын жерде Свято-Силуановская Иссыкская шағын монастыры құрылды, сол жылы Семей қаласында Петропавл Абалацко-Знаменский шағын монастырі ашылды, ал Орал қаласында Покровская шіркеуі ашылды, 1996 жылы Серафим мен Феогност шейіттерінің атынан шағын монастырь құрылды, олардың Ақсай шатқалындағы шейіт болған жерде, 1998 жылы Павлодардағы Петропавл монастыры, 2008 жылы Оңтүстік астанадағы Иверско-Серафимовский әйелдер монастыры құрылды. 2023 жылдан бастап Қостанай епархиясында Иверско-Петропавловский әйелдер монастыры қайта жанданды. Жоғарыда айтылғандардан басқа, өткен ғасырдың ортасынан бастап елімізде тұрақты жұмыс істейтін екі монастырь бар – Қарағандыдағы Марияның Рождествосына және Астанада Аспан Тәніршісінің "Қаза тапқандарды жазалау " белгішесінің құрметіне.
 
Монахтық өмір - әлемнің нұры, Мәсіхтегі Інжіл өмірінің идеалы. Иоанн Лествичник айтқандай, "монахтарға жарық – періштелер, ал қарапайым адамдарға жарық – монахтық өмір". Сондықтан біздің монастырлар қажылық, тәлімгерлік, қайырымдылық және белсенді рухани-ағарту жұмыстарының орталықтарына айналуға арналған. Бұл ортақ тапсырманы өзін Құдайға бағыштаған адам, монастырда, шіркеуде немесе епархия бөлімдерінде, қандай жерде жүрсе де орындау міндеті қойылған. Монахтардың өмірі - бұл тұрақты түрде болатын ішкі шиеленіс, шын жүректен күйіп-жану, бұл адамның «өзіндік» және өз еркімен, Құдайға адамның жүрегінде паналауына кедергі болатын барлық нәрсені жеңудің үздіксіз жұмысы (Ин. 14:23). Бұл өз жанын өзгертудің тұрақты ерлігі және Мәсіхтің шіркеуіне құрбандық қызметі.
 
Қазіргі заманның барлық қиындықтары мен мәселелері монастырьлардың өміріне әсерін беріп жүргені рас.  Әлемнің қоғам санасы мен өміріне негативті әсерінің  күшеюіне байланысты ізгі хабар (евангелдік) идеалын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін және Мәсіх (Хриса) жолына түсуді бәрінен бұрын қоятын адамдардың монастырлық өмірге деген құштарлығының азайып бара жатқанын өкінішпен  мойындауымызға тура келеді. (Мф. 16:24). Мұндай жағдай туу себептері айдай анық – қазіргі заманның адамы тән жайлылығына, өркениет игілігіне ұмтылады және оған ежелгі аскеттік идеалдарды қабылдау қиын. Бүгінгі таңдағы нағыз ғажайып - адамның монастырлық өмір салтын таңдауы. Одан бөлек, Қазақстанның православие шіркеуі монастырлық қауымдарды ұйымдастыруда өзіндік қиындықтармен бетпе-бет келуде, оның ішінде ежелгі, дәстүрлі монастыризм орталықтарының  әлдеқайда артта қалуы, басқа діни ортаға түсуі және монастырлық мойынсұнуда айтарлықтай тәжірибесі бар тәжірибелі рухани жетілген тұлғаның жоқтығы кіреді. Алайда барлық сыртқы қиындықтар бола тұра, ең өзекті мәселе өзіміздің ішімізде тереңде жатыр. Мен Кострома және Галич архиепископы болған кезде ерлер мен әйелдерден тұратын 11 ежелгі монастырларын қайта жаңғыртушысы болдым. Осы қиын тапсырмада рухани кеңес алу үшін біз басшылармен беделді ақсақалдарға - архимандрит Кирилл (Павлов), архимандрит Иоанн (Крестянкин), протоиерей Николай Гурьянов және т.б.  жүгіндік. Менің қазіргі заман  шіркеу өмірінің басты мәселесі неде деген сұрағыма олар таңдана бірауыздан  - сенімнің аздығы деп жауап берді. Әңгіме тек православие шіркеуінің діндарлары жайлы емес, жалпы шіркеушілер, ғибадат етушілер туралы да болып отырғанын ақсақалдар баса айтты. Сенімі аздығынан жойылуға жақын христиан монастырлық өмір туралы ойламайды, ол ерлік танытудан, мойынсұнудан қашады және кішіпейілділіктің, ораза ұстаудың және дұғада болудың мәнін түсінбейді; Сол сияқты, сенімнің аздығы Құдайға монастырлық ант бергендерді де жолдан тайдырады. Бұл туралы VII ғасырдағы ұлы сопысы қасиетті Исаак Сирин монахпен ең жаманы не болатыны туралы былай деп жазды: «Сенбеген жүрек айыпталушы. Құдайдың назарынан тыс қалып торығуға түсуің - сеніміңнің жоқтығынан». Бұл күйден шығудың жолы – шын жүректен, терең тәубеге келуде, өзінің әлсіздігін шынайы мойындай отырып,  Құдайға бет бұруда. Сондықтан сіз бен біз монастырлар мен ғибадатханалардағы мен ішкі, рухани жағдайды жақсартуға, өзімізге де, шіркеушілерімізге де сенімімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Қасиетті Варсонофий Оптинский ескертеді: «Монастырлардың құлдырауы мен қаңырап қалуы олардың негізін қалаушылар мен нағыз сопыларын ұмытудан басталады». Сондықтан бұрынғы сопылар мен жанашыр болғандардың дұғалық естелігін сақтау және бұрын монастырлардың негізін қалап, оларды  паналап, оның қабырғаларында қорған тапқандардың еңбегіне құрметпен қарау өте маңызды. Тәжірибе көрсеткендей, келушілердің рухани білім деңгейін арттыру білім беруде және қоғамдық қызмет етуде қажылық жасаушылар мен сенушілердің санын көбейтіп, оң әсерән тигізеді.
 
Монастырь, ең алдымен, қауымдастық екенін есте ұстаған жөн және шынайы христиандық бірлестікті құру үшін Мәсіхке деген сүйіспеншіліктен басқа еш нәрсенің қажеті жоқ. Қазіргі уақытта христиандықты жеке, дербес құтқару діні ретінде түсіну ерекше күшпен таралып, тамыр жайып жатыр. Күнәні мойындап оның алдын алуға және рақымға ие болуға деген өзіңдегі терең және мұқият көзқарастың болуы  - жаныңдағы жақынның құтқарылуына деген алаңдаушылықты сейілте бастайды және ерте ме, кеш пе рухани эгоизмге айналады. Мұндай адамның қабылдауында тек ол және Құдай ғана бар, ал қалған дүние өз құнын жоғалтып оған байыппен қарауды тоқтатады. Шынайы православиелік аскетизм бұған жат. Нағыз монахтар «бір күштен екінші күшке» асқанда (Пс. 83:8) өздеріне тығылмай, дұғаларымен бүкіл әлемді жылытады. Қасиетті Силуан Афонский  нағыз сопылықтың жемісін былайша талқылады: «Кімде-кім өз ішінде Киелі Рухты алып жүрсе, ол күндіз-түні бүкіл халық үшін қайғырады, ал оның жүрегі Құдайдың әрбір жаратылысына, әсіресе Құдайды танымағандар мен оған қарсы тұрғандарға аяушылық танытады». Ақсақалдың өмірінде оның  бір монахпен әңгімесінің бір сипаттамасы бар. Бұл ағамыз дауыстап: «Құдай оны доққа шығарушыларды жазалайды. Олар мәңгілік отта жанады». Деген екен. Бұған қасиетті  монах шынайы толқыныспен қайғыра жауап берді: «Ал, айтыңызшы, егер олар сізді жұмаққа кіргізсе және ол жерден тозақ отында жанып жатқан біреуді көрсеңіз, сіз тыныш таба аласыз ба? Махаббат бұған шыдай алмайды. Біз барлығы үшін дұға етуіміз керек ». Өткен ғасырдағы тағы бір Афондық ақсақал, қасиетті Пайсии өзінің рухани балаларына: «Біз басқалардың қайғысын өзіміз сезініп, бүкіл әлем үшін дұға етуіміз керек», - деп үйретті. Монастырға келушілерге бұл туралы ойланатын сәт туды, дүниеден бас тартуының мәнін және Құдай мен жақындарының алдындағы жауапкершілігін терең түсінуге тырысатын кез келді. Жауапкершілік, неғұрлым «кімге көп берілген болса, соғұрлым одан да көп талап етіледі, ал кімге көп тапсырылған болса, одан соғұрлым көп талап етіледі» (Лк. 12:48).
 
Біздің конференция осы және басқа да өзекті мәселелерді талқылауға арналған. Спикерлердің мазмұнды баяндамалары мен талқылау аясындағы пікір алмасулар бізге көптеген өзекті мәселелерді анықтауға және оларды шешу жолдарын көрсетуге көмектеседі деп үміттенемін. Монастырлық конференцияға қатысушыларға табысты және жемісті жұмыс тілеймін.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді