25 қазан 2024 жыл – Қазақстанның Республика күні. Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты мерекемен құттықтады.
«Бұл күн Республиканың жаңа тарихындағы айтулы оқиға – 1990 жылы Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануымен ерекшеленеді. Тәуелсіздік жылдарында еліміз мемлекет дамуының ең маңызды негізін қалыптастырды – экономикалық өсуге жағдай жасалды, ұлттық мәдениет, бейбітшілік пен келісім сақталды. Қазақстан азаматтарына қайтадан діни көзқарастарын еркін жеткізуге, ғибадатханар мен мешіттер салуға, өскелең ұрпақты имандылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік берілді. Еліміз бүкіл әлемге өркениетаралық, дінаралық және ұлтаралық диалогтың үлгісін көрсетті.
Қазақстанның православие шіркеуі халқымыздың рухани және мәдени өмірін дамытуға, дәстүрлерді сақтауға және қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды арттыруға бұрынғыдай үлес қосатын болады.
Осы мерекелі күні, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге рухыңыздың беріктігін, қайратты күш-қуат, бақ-береке мен Отанымыздың игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін», - делінген Қазақстан Митрополиті округі Басшысының құттықтауында.
Ресейдің Шомылдыру рәсімі мерекесінде Петропавл және Булаев архиепископы Владимир өзінің көктегі қорғаушысының күнін дұға етіп атап өтт
ТолығырақЖексенбі күні Құдайдың пайғамбары Иезекиилиді еске алуға орай, Митрополиттік округ Басшысы Астанадағы Успен кафедралды соборында Литургияны өткізді
ТолығырақАстанада «Турин Кебіні» халықаралық рухани-ағартушылық көрмесінің ашылуы өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр