16 желтоқсан 2024 жыл – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің жарияланған мерейтойымен құттықтады.
«1991 жылs дәл осы күні еліміздің тарихында жаңа парақ ашылды - егемендік пен тәуелсіздік жарияланды.
Өткен жылдар ішінде Қазақстан демократиялық қоғам құруда, әлеуметтік саланы дамытуда, тиімді экономикалық жүйе құруда табыстарға қол жеткізді. Республика әлемдік қауымдастық алдында бейбітшіліктің, ұлтаралық және дінаралық келісімнің үлгісі ретінде беделге ие болды. Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы халқы – өткен ғасырдағы сынақтардан сынбай өткен, ХХІ ғасырдағы жетістіктердің қуанышын білген біртұтас үлкен отбасы.
Бір сөзіңізде «Тәуелсіздік – бәрінен де биік! Өткен және келешек ұрпақ алдындағы парызымыз – ұлттың игілігі мен өркендеуінің астарында жатқан ең ұлы құндылық ретінде қасиетті Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтауымыз керек» дедіңіз.
Алла Тағала ортақ үйіміз – құтты Қазақстанды одан әрі дамытуда мемлекеттік, қоғамдық және діни ұйымдардың бірлескен күш-жігері табысты болуын нәсіп етсін.
Осы салтанатты күні Сізге, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, зор денсаулық, күш-қуат және туған Қазақстаныңызға қызметте берекелі табыс тілеймін», - делінген Қазақстан Митрополиттік округкінің құттықтауында.
Митрополит Александр ел басшылығын, парламент мүшелерін, облыс, қала әкімдерін мемлекеттік мерекемен құттықтады.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр