ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Обращение
14.01.2025, 15:00

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Құдай Анасының «Емші» ғажайып белгішесі мен «нақты өлшем» тізімін Алматы қаласы Ақжар ықшам ауданындағы Қасиетті Құдай Ананың Рождествосы құрметіне арналған шіркеуг

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың  Құдай Анасының «Емші» ғажайып белгішесі мен «нақты өлшем» тізімін Алматы қаласы Ақжар ықшам ауданындағы Қасиетті Құдай Ананың Рождествосы құрметіне  арналған шіркеуг

Аса құрметті, иеромонах Алексий әке!

Ардақты әкелер! Құрметті бауырлар!

Рождество мерекесінің жарқын күндерінде, Аспан мен жер, періштелер мен адамдар қуанып, өмір Беруші Мәсіхтің әлемге келуін тойлайтын кезде, біз сіздермен Құдай Ананың Рождествосына орай  «нақты өлшем» тізімімен «Емші» атты Аспан патшайымының  ғажайып бейнесі  шіркеуге тапсырылатын ерекше рухани мерекенің қатысушысы боламыз. Құдай Анасының ғажайып келбетін қарсы ала отырып, әрқайсымыз Інжілдегі әділ Елисавета сияқты: «Ал менің Құдайымның Анасы маған қайдан келіп қалды?» - деп айта аламыз (Лк. 1:43).

Өткен жылы мамырда, Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен Алланың құдіретінің сан алуан көріністерімен асқақтаған бұл ұлы қасиетті Алматы қаласына келді. Алғаш рет Ғажайып белгіше Мәскеудегі Алексеевский Ставропегиялық монастырінен Қазақстан жеріне саяхаттау үшін – Қасиетті Құдай Ананың құдіретті және ұлкен мейірімімен мұндағы сенушілерді қуанту үшін, адамдарға қасиеттіге қол тигізу арқылы  аурулардан айығып, қайғы-қасіреттерде жұбаныш алып, күнделікті қиындықтардан құтылу үшін әкелінді. Аз уақыт ішінде ғажайып бейнеге Оңтүстік астананың 30 мыңнан астам тұрғыны тағзым етті. Сенушілердің көптеген өтініштеріне бойынша жаңа қасиеттілер біздің қаламызды өзінің орналасуымен жарылқап, православиеліктерді жұбату үшін Аспан патшайымының ғажайып жүзінің дәл көшірмесін жасау туралы шешім қабылданды. Талантты және тәжірибелі изограф «Емші» ежелгі бейнесін мұқият қайталады. «Нақты өлшем» тізімі көптеген діни қауымы мен көптеген приходтар мен қажылардың қатысуымен Құдай Анасының ғажайып бейнесінің алдында салтанатты ғибадат ету шарасында қасиетті етілді.

Осы күннен бастап ең қасиетті Құдай Ананың «Емші» белгішесі осы жерде, Богородице-Рождественский шіркеуінде тұратын болады, және біздің қаламыздың әрбір тұрғыны немесе Оңтүстік астананың қонағы осы қасиеттіге тағзым етіп, Ең Қасиетті Жаратушыдан жан мен тін саулығын тілеп,, отбасыңыз бен жақындарының амандығы үшін дұға ете алады.

Қасиетті Шіркеу сонау христиандық дәуірдің басында Құдайдың Анасын «Емші» деп атады. Ең қасиетті Құдай Ананы алғашқы Акафистте (VI ғасыр) біз Оны келесі сөздермен мадақтаймыз: «Қуан, менің тәнімнің емі; Қуан, жанымның құтқарылуы». Күн сайын таңғы дұғаларымызда біз жан мен тәннің шынайы Емшісі - Мәсіхтің Анасына: «Дәрігерді дүниеге әкелген сен, ұзақ уақыт бойы азап шеккен менің жанымды сауықтыра гөр». Бүгін шіркеуге сыйға тартылған белгішеде, ең қасиетті Құдай Ананың ауыр науқасты сауықтырған кереметі бейнеленген. Ежелгі аңызда Аспан патшайымы науқас дін қызметкерінің жататын орнында қалай пайда болғаны және оның жалынды дұғаларына жауап ретінде оның толық сауығып кетуі туралы айтылады. Қалаға аты танымал, емделген адам,  бірден төсегінен тұрып, шіркеуге барып, ең қасиетті Құдай Ананы мадақтап дұға ете бастады, бұл жағдай  барлық қала тұрғындарын таң қалдырды. Осы жолдарды оқи отырып, сұрақ туады: «Бұл кісі неге осындай ғажайып құрметке ие болды? Оған көптен күткен сауықтыруды әкелген періште немесе әулие емес, Херувимдерден асқан және Серафимнен де даңқы биік болған Ең Таза Бикештің өзі болды. Науқас Құдай Анасының мейірімділікпен келу құрметіне ие болды, өйткені, аңыз бойынша, бұл діни қызметкердің жақсы қасиеті болды - ол қоңыраулардың жаңа сағатты соққанын естіген сайын, ол ең қасиетті Құдай Ананы мадақтап, архангелдік сәлемдерін «Қуан, Рақым иесі!» деген сөщдерін «күні-түні қайталап » дұғасына қосып айтатын. Аспан патшайымына деген сүйіспеншілігі, оның адамзатқа деген мейірімділігін еске алуы, Аналық қамқорлыққа  сенімі бұл таңғажайып оқиғаның  орын алуына мүмкіндік берді. Шіркеу жадында сақталған және белгішеде бейнеленген бұл ежелгі аңыз - бұл Құдайдың адам кейіпіне ену құпиясына ашқан және Құтқарушымыздың Анасына айналған Қасиетті Бикешті құрметтеу және даңқтау үшін бізге ежелден шақырылған үндеу. Ізгі хабар дәуірінен бүгінгі күнге дейін сенушілер үшін Құдай Анасының қамқорлығы тоқтаған емес. Құтқарушының Анасы Өзінің жердегі өмірінде азап пен бейнетті, кедейлік пен адамның қатыгездігін бастан өткерді, ал қазір көктегі даңққа бөленіп, Ол әрбір көздің жасын көреді, оған айтылатын жоқтаулар мен дұғаларды естиді.

Иеміз бізге - дене ауруларынан айығу міндетті түрде алдын ала күнәлерден арылып, яғни – тәубеге келу деп Інжілдегі шындықты ашты. «Міне, сен емделдің; енді басыңа бұдан да жаман нәрсе түспес үшін күнә жасама» (Ин. 5:14), - деп ескертеді сал ауруымен ауырған кісіні Өзі сауықтырған Құтқарушы. Аурудан құтылудың қажетті шарты – Құдайға деген берік сенім. Бұл туралы Мәсіх қансыраған әйелге: «Сенің сенімің сені  құтқарды» (Лк.8:48) және жын кірген жас баланың әкесіне: «Егер сенсең, сенуші үшін бәрі де мүмкін» ( Мк. 9:23). Сондықтан да Құдай Анасының «Емші» деп аталатын ғажайып белгішесінің алдында біз Аспан Патшайымынан денсаулық беруді, аурулар мен қайғы-қасіреттерден құтылуды ғана емес, ең алдымен, сенімді күшейтуді және бізге рухани саулықты, өмірімізден қатыгездік пен салқындықтан арылтуды, енжарлық пен қаттылықтан, адамдарға деген мейірімсіз және немқұрайлы көзқарастан сақтауды сұраймыз. Құдіретті Құдайдың Анасы мен мейірімді Анамызға бізді өмірімізді уландыратын, бізді жақындарымыздан ажырататын, бізді Мәсіхтен алшақтатып, Құдайдың рақымынан айыратын және бізді құмарлықтардан, жаман әдеттер мен құмарлықтан тазартуы үшін дұға етейік. Айналамыздағы шындықты жақсы жаққа өзгерту, өмірге қуаныш пен берекені қайтару – мұның бәрі жанның түзелуінен, күнәлардан тазарудан, Құдайға қайта оралудан басталады.

Богородице-Рождественский шіркеуінде ең қасиетті Құдай Ананың «Емші» белгішесінің болуы әрқашан әлсіздерді нығайтып, науқастарды сауықтырсын, мұңайғандарды жұбатып, бәрімізді жақсы істер жасауға шақырсын.

Уа, Вифлеемде туған Құдайымыз Мәсіх, бізді Құдай Анасының дұғалары арқылы құтқар гөр!

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді