ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Лукадан Інжілі, 16-тарау, 19-31-тармақтар)

gospel image
Бір бай адам болады, порфир мен виссонға киініп, ол күн сайын тойлап жүреді.
Сондай-ақ, оның қақпасында қотыр болып жатқан Лазарь есімді қайыршы болады,
және бай адамның үстелінен құлаған үгінділермен тамақтанады, ал иттер келіп, оның жараларын жалайды.
Қайыршы қайтыс болады және Періштелер оны Авраамға апарады. Бай адам да қайтыс болады, оны жерледі.
Және тозақта азаптала отырып, ол көзін ашып, алыстан Авраамды және ол орында Лазарьды көреді,
және айқайлап: әке Авраам! маған рақым ет және Лазарды саусағының ұшын суға батырып, менің тілімді салқындату үшін жібер, өйткені мен жалынмен азап шегудемін, — деді.
Бірақ Авраам былай деді: бала! есіңде болсын, сен өміріңде жақсылықты көрдің, ал Лазарь — жамандықты көрді; қазір ол осында жұбатылады, ал сен азап шегесің;
және онымен қоса біз бен сендер арасында үлкен тұңғиық бекітілді, сондықтан осы жерден ендерге барғысы келетін бара алмайды, және ана жерден бізге қарай өтпейді.
Сонда ол былай деді: онда мен сенен өтініп сұраймын, әкем, оны әкемнің үйіне жібер,
өйткені менің бес ағам бар; ол оларға олар осы азапталу жеріне келмеуі үшін куә болсын.
Авраам оған: оларда Моисей мен пайғамбарлар бар; соларды тыңдасын, — деді.
Ол: жоқ, әке Авраам, бірақ егер өлгендердің бірі оларға келсе, олар тәубе ететін болады, — деді.
Сонда Авраам оған: егер Моисей мен пайғамбарларды тыңдамаса, онда өлгендердің бірі қайта тірілсе де, олар сенбейтін болады, — деді.
Сілтеме көшірілді