ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Лукадан Інжілі, 11-тарау, 29-33-тармақтар)

gospel image
Халық көптеп жинала бастағанда, Иисус былай деді: бұл ұрпақ айлакер ұрпақ, ол белгіні іздеп жүр, оған Иона пайғамбардың белгісінен басқа белгі берілмейді.
өйткені Иона Ниневиялықтар үшін қандай белгі болса, Адам Ұлы да осы ұрпақ үшін сондай белгі болады.
Оңтүстік патшайымы Соломонның даналығын тыңдау үшін жердің бір шетінен келгендіктен, осы ұрпақтың халқын соттап, оларды айыптайды. Міне, мұнда Соломоннан да мәртебелі Біреу бар.
Ниневиялықтар бұл ұрпақты соттау үшін сотта көтеріліп, оны айыптайды, өйткені олар Ионның уағызына тәубе етті; міне, мұнда Ионнадан да мәртебелі Біреу бар.
Ешкім шырақ жағып, оны жасырын жерге де, ыдыстың астына да қоймайды, бірақ кіргендер жарықты көрсін деп шам қойғышқа қояды.
Сілтеме көшірілді