ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Лукадан Інжілі, 11-тарау, 47-54-тармақтар – 12-тарау, 1-тармақтар)

gospel image
Әкелерің өлтірген пайғамбарларға қабір тұрғызатындарың қасірет!
Осы арқылы сендер әкелеріңнің істері туралы куәлік етесіңдер және олармен келісесіңдер, өйткені олар пайғамбарларды ұрып-соққан, ал сендер оларға қабірлер тұрғызасыңдар.
Сондықтан да Құдайдың даналығы былай дейді: оларға пайғамбарлар мен Апостолдарды жіберемін, олардың кейбірін өлтіреді, ал басқаларын қуып жібереді;
дүние жаратылғаннан бері төгілген барлық пайғамбарлардың қаны осы ұрпақтан талап етілсін,
Авелдің қанынан құрбандық үстелі мен ғибадатхананың арасында өлтірілген Закарияның қанына дейін. Сендерге айтарым, ол осы ұрпақтан талап етіледі.
Заңгерлер, қасіретке қаласыңдар, өйткені сендер түсінік кілтін алдыңдар: өздерің де кірмедіңдер, және кіргендерге де кедергі жасадыңдар.
Иисус олармен сөйлеп тұрғанда, дін ұстаздары мен фарисейлер Оған тисе бастады, Одан көп нәрсеге жауап беруге мәжбүр етті.
Оның сөзінен бірдеме іздеп, Оны айыптау үшін аузынан шыққан сөздерден бірдеңе ұстап алуға тырысты.
Осы уақытта мыңдаған адамдар жиналып, бір-біріне тығыздала бастағанда, Ол алдымен өз шәкірттеріне: фарисейлердің ашытқысынан сақ болыңдар, ол екіжүзділік, — деді.
Сілтеме көшірілді