ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Лукадан Інжілі, 8-тарау, 41-56-тармақтар)

gospel image
Сонда, синагога басшысы Иаир есімді бір адам келді; және, Иисустың аяғына құлап, Оның үйіне кіру үшін одан рұқсат сұрады,
себебі оның он екі жасар бір қызы болды және ол өлім аузында жатыр еді. Ол келе жатқанда, халық Оны қыспақтады.
Және дәрігерлерге барлық мүлкін жұмсаса да, ешқандай дәрігер оны емдей алмаған, он екі жыл бойы қан кетуден зардап шеккен әйел,
артынан келіп, Оның киімінің шетіне қолын тигізді; және бірден оның қан кетуі тоқтайды.
Иисус: Маған кім қол тигізді?, — деді. Бәрі бас тартқан кезде, Петр және онымен бірге болғандар: Тәлімгер! халық Сені қоршап алып, қыспақтады, — ал Сен: Маған кім қолын тигізді дейсің?, — деді.
Бірақ Иисус: Маған біреу қол тигізді, өйткені Мен, Менен күш-қуатымның кеткенін сезіндім, — деді.
Әйел жасырына алмағанын көріп, үрейленіп, Оның алдына құлап, Оған бүкіл халық алдында не себепті Оған қол тигізгенін және бірден қалай сауығып кеткенін жариялады.
Ол оған: Батыл, қыз! сенің сенімің сені құтқарды; тыныштықпен бар, — деді.
Ол мұны айтқан кезде, синагога бастығының үйінен бір адам келіп: сенің қызың қайтыс болды; Ұстазды мазалама, — деді.
Бірақ Иисус мұны естігенде, оған: Қорықпа тек сен, сонда тірі қалады, — деді.
Үйге келгенде, Петрден, Иоаннан және Иаковтан, қыздың әкесі мен анасынан басқа ешкімнің кіруіне рұқсат бермеді.
Барлығы ол туралы ойлап жылап отырды. Бірақ Ол: Жыжламаңдар; ол өлмеді, бірақ ұйықтап жатыр, — деді.
Оның қайтыс болғанын біліп, барлығы оның айтқанына күледі.
Ол барлығын қуып шығып, оның қолынан ұстап: қызым! тұр, — деді.
Және оның рухы оралды; ол бірден тұрды, және Ол оған тамақ беруді бұйырды.
Және оның ата-анасы таң қалды. Ол оларға болған оқиға туралы ешкімге айтпауды бұйырды.
Сілтеме көшірілді