ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Лукадан Інжілі, 12-тарау, 48-59-тармақтар)

gospel image
бірақ кім білмей, жазаға лайық нәрсені істесе, аз ұрып соғылады. Ал кімге көп берілген болса, көп талап етілетін болады, ал кімге көп тапсырылған болса, одан көп өндірілетін болады.
Мен жерге от әкелуге келдім, оның тұтанғанын қалаймын!
Шомылдыру рәсімінен өтуім керек; және Мен мұның орындалуын қатты күтемін!
Мені жерге тыныштық орнату үшін келдім деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, Менің сендерге айтарым, бөлу үшін келдім;
өйткені бұдан былай бір үйде бесеуі бөлінетін болады: үшеуі екеуіне қарсы, екеуі үшеуіне қарсы болады.
әкесі ұлына, баласы әкесіне қарсы болады, анасы қызына, қызы анасына қарсы; енесі келініне, келіні қайын енесіне қарсы болады.
Сондай-ақ ол халыққа былай деді: Батыстан көтеріліп жатқан бұлтты көргенде, дереу былай айтыңдар: жаңбыр жауады, сонда, солай болады.
Оңтүстік жел соғып жатқанда: аптап ыстық болады, деп айтыңдар.
Екіжүзділер! жер мен аспанның бет-әлпетін тани аласыңдар, сендер бұл уақытты қалай білмейсіңдер?
Неліктен сендер өздеріңді соттамайсыңдар, не болуы керек екенін?
Қарсыласпен бірге басшылыққа барған кезде, жолда ол сені судьяға апармауы үшін одан босауға тырысыңдар, ал судья сендерді азаптаушыға бермесін, ал азаптаушы сендерді зынданға түсірмесін.
Менің саған айтарым: сен соңғы сынық тиынды бермейіңше сол жерден шыға алмайсың.
Сілтеме көшірілді