Сол уақытта Ирод төртінші бөлік иесі Иисус туралы қауесетті естіді
және жанындағы қызметшіге былай деді: бұл Шомылдырушы Иоанн; ол өлілерден қайта тірілді, сондықтан ол ғажайыптар жасайды.
Өйткені Ирод Иоаннды алып, оны байлады және өзінің ағасы Филиптің әйелі Иродиада үшін зынданға отырғызды,
өйткені Иоанн оған былай деген: сен оны иелене алмайсын.
Және оны өлтіргісі келді, бірақ оны пайғамбар ретінде құрметтегендіктен халықтан қорықты.
Иродтың туған күнін тойлау кезінде Иродиада қызы жиналыс алдында билеп, Иродты қуантты,
сондықтан ол не сұраса соны беремін деп оған ант берген.
Ол болса өзінің анасының үйретуі бойынша былай деді: маған осы жерде Шомылдырушы Иоанның басын ыдысқа салып әкелші.
Сонда патша қайғырды, бірақ ант бергендіктен және қасында жатқандар үшін оған беруді бұйырды,
және зынданға Иоанның басын кесуді бұйырып жіберді.
Және оның басын ыдысқа салып, қызға әкелді,ал ол анасына апарып берді.
Оның шәкірттері келіп, оның денесін алып, оны жерледі; және барып, Иисусқа хабарлады.
Және мұны естіген соң, Иисус сол жерден шөлді жерге қайықпен өзі аттанды; ал халық, мұны естіп, қалалардан Оның артынан жаяу еріп кетті.