ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Матай Інжілі, 14-тарау, 35-тармақтар - 15-тарау, 11-тармақтар)

gospel image
Сол жердің тұрғындары Оны танып, мұны бүкіл айналаға жібереді және Оған барлық науқастарды әкелді, 
және тек Одан Оның киім шетіне қол тигізуді сұрады; және қол тигізгендер сауығып кетті.
Сол кезде Иисусқа Иерусалим кітапшылдары мен фарисейлер келеді және былай дейді:
неге Сенің шәкірттерің ақсақалдардың ырымдарын бұзады? өйткені олар нан жеген кезде қолдарын жумайды. 
Ол оларға былай деп жауап берді: неліктен сендер де Құдайдың өсиетін өздеріңнің ырымдарың үшін бұзасыңдар? 
Өйткені Құдай былай деп бұйырған: әке мен анаңды құрметте; және: әкесін немесе анасын жамандаған өліммен өлсін. 
Ал сендер, әкесіне немесе анасына: меннен не пайдалансаң, Құдайға сол сый, – десе, 
онда ол өз әкесін немесе анасын құрметтемесе болады; осылайша сендер Құдайдың өсиетін өздеріңнің ырымдарың үшін жойдыңдар.
Екіжүзділер! Исаия сендер туралы жақсы пайғамбарлық етті және былай деді: 
Маған өз ауыздарымен және тілдерімен мені құрметтейтін адамдар жақындады, бірақ олардың жүрегі Менен алыс; 
бірақ олар ілімдерге, адам өсиеттеріне үйрете отырып, Мені бекер құрметтейді. 
Және халықты шақырып, оларға былай деді: тыңдаңдар және түсініңдер! 
адамды ауызға кіретін қорламайды, керісінше ауыздан шығатын адамды қорлайды.
 
Сілтеме көшірілді