ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Матай Інжілі, 15-тарау, 12-21-тармақтар)

gospel image
Сонда Оның шәкірттері Оған былай деді: білесің бе, фарисейлер бұл сөздерді естігенде азғырылды?
Ол былай деп жауап берді: Менің Аспандағы Әкем отырғызбаған кез-келген өсімдік түбірімен жойылады;
оларға тиіспеңдер: олар - соқырлардың соқыр басшылары; ал егер соқыр соқыр адамды басқарса, екеуі де шұңқырға түседі.
Петр болса, жауап бере отырып, Оған былай деді: бізге осы өсиетіңді түсіндірші.
Иисус былай деді: шынында да, сендер әлі түсінбедіңдер ме?
сендер ауызға кіретіндердің барлығы іштен өтіп, шығарылып тасталатынын әлі түсінбедіңдер ме?
ал ауыздан шығатындар - жүректен шығады - бұл адамды арамдайды,
өйткені зұлым ойлар, кісі өлтіру, неке адалдығын бұзу, адасқан әрекеттер, ұрлық, жалғандық, қулық жүректен шығады –
бұл адамды арамдайды; ал жуылмаған қолдармен жеу – адамды арамдамайды.
Және сол жерден шығып, Иисус Тир мен Сидон елдеріне кетеді.
Сілтеме көшірілді