ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Иоаннан Інжілі, 15-тарау, 17-тармақтар - 16-тарау, 2-тармақтар)

gospel image
Сендерге өсиет беремін, бір-бірлеріңді жақсы көріңдер.
Егер әлем сендерді жек көрсе, Мені сендерден бұрын жек көргенін біліңдер.
Егер сендер әлемнен болсаңдар, онда әлем өзінікін жақсы көрер еді; сендердің әлемнен болмағандықтарыңнан сендерді жек көреді, бірақ Мен сендерді әлемнен таңдадым, сондықтан әлем сендерді жек көреді.
Мен сендергеге айтқан сөзім естеріңде ме: құл өз қожайынынан артық емес. Егер Мені қуса, олар сендерді де қуады; егер Менің сөзімді орындаса, олар сендердің сөздеріңді де орындайды. Бірақ олар Менің атым үшін сендерге бәрін істейді, өйткені олар Мені Жібергенді білмейді.
Егер Мен оларға келіп, айтпасам, онда оларда күнә болмас еді; ал қазір олардың күнәларында кешірім жоқ.
Мені жек көретін адам Әкемді де жек көреді.
Егер Мен олардың арасында ешкім жасамаған істерді жасамасам, онда оларда күнә болмас еді; енді олар Мені де, Әкемді де көріп, жек көрді.
Бірақ олардың заңында жазылған сөз орындалсын: олар Мені бекер жек көрді.
Мен сендерге Әкеден жіберген Жұбатушы келгенде, Әкеден шыққан шындық Рухы Ол Мен үшін куәлік етеді;
және сендерде куәлік етесіңдер, өйткені сендер басынан бастап Менімен біргесіңдер, – деді.
Бұны сендерге, сендердің азғырылмауларың үшін айттым.
Сендерді синагогалардан қуады; тіпті сендерді өлтірген адам Құдайға ол арқылы қызмет етеді деп ойлайтын уақыт келеді.
Сілтеме көшірілді