Олар кеткеннен кейін, – Құдайдың Періштесі Иосифтің түсіне келіп, былай дейді: тұр да, Нәрестені және Оның Анасын ал да, Мысырға қаш және сол жерде мен айтқанша бол, себебі Ирод Нәрестені өлтіру үшін Оны іздегісі келеде.
Ол тұрып, Нәрестені және Оның Анасын түнде алып, Мысырға кетті,
және сонда Ирод қайтыс болғанға дейін болды, Тәңіріміздің пайғамбар арқылы айтқаны болсын, ол былай деді: «Мен Мысырдан Ұлымды шақырдым.
Сонда Ирод өзін бақсылармен мазақ болғанын көріп, қатты ашуланады және бақсылардан білген уақыттан кейін Вифлеемдегі және оның барлық шегіндегі екі жастан және одан кіші бүкіл нәрестелерді өлтіруге бұйрық береді.
Сонда Иеремия пайғамбар арқылы айтылған сөздер орындалды, ол былай деді:
Рамада дауыстар, жылаған және боздаған дауыстар және зор еңіреулер естіледі; Рахиль өз балаларын ойлап жылайды және жұбанышын басқысы келмейді, өйткені олар енді жоқ.
Ирод қайтыс болғаннан кейін, - Тәңіріміздің періштесі Мысырдағы Иосиф түсіне келіп,
былай дейді: тұр да, Нәрестені және Оның Анасын ал да, Израил жеріне бар, өйткені Нәрестенің жанын іздегендер қайтыс болды.
Ол тұрып, Нәресте мен Оның Анасын алып, Израил жеріне келді.
Иудейде әкесі Иродтың орнына Архелайдың билік ететінін естігенде, ол жаққа баруға қорықты; бірақ түсінде аян көргеннен кейін, Галилейдің шегіне жетті
және келіп, Назарет деп аталатын қалаға қоныстанды, пайғамбарлар арқылы Оның Назорей болып әйгіленетіні туралы айтылғандар орындалсын.