Қайтадан Иерусалимге келді. Және Ол ғибадатханада келгенде, Оның қасына бас дін қызметшілері, кітапшылдар және ақсақалдар келді
және Оған былай деді: Сен мұны қандай билікпен жасайсын? және мұны жасауға Саған бұл билікті кім берді?
Иисус оларға былай деп жауап берді: Мен де сендерден бір нәрсені сұраймын, Маған жауап беріңдер; сонда Мен сендерге мұны қандай билікпен жасайтынымды айтамын.
Иоанның шомылдыру рәсімі аспаннан болды ма немесе адамдардан болды ма? Маған жауап беріңдер.
Олар өзара пікір таластырды: егер аспаннан десек, онда Ол бізге былай айтады: неге сендер оған сенбедіңдер?
ал егер адамдардан десек, – халықтан қорқамыз, өйткені барлығы Иоаннды пайғамбар деп құрметтейді.
Және олар Иисусқа былай жауап берді: біз білмейміз. Сонда Иисус оларға былай деді: Мен де сен- дерге мұны қандай билікпен жасайтынымды айтпаймын.