ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Марктан Інжілі, 12-тарау, 1-12-тармақтар)

gospel image
Және оларға астарлы әңгімемен айта бастады: бір адам жүзім алқабын екті және оны қоршап қойды, және жүзім шырынын сығатын орын қазып қойды, мұнара салып қойды және оны жүзім өсірушілерге тастап кетіп қалды.
Уақыты жақындаған кезде ол өз құлын жүзім өсірушілерден жүзім алқабынан жемістерді қабылдап алуға жіберді;
Олар оны ұстап алып, ұрып, құр қол қайтарады.
Тағы да оларға басқа құлды жіберді; және оны да тастармен басын жарып, оны масқаралап жібереді.
Және тағы да өзге құлды жібереді: оны да өлтіреді; және көптеген басқаларын не ұрып тастайды, не өлтіріп тастайды.
Оған мейірімді тағы бір ұлын соңында оны оларға жібереді және былай дейді: олар менің ұлымнан ұялатын болар.
Бірақ жүзім өсірушілер бір-біріне былай деді: бұл мұрагер; барып, оны өлтіріп тастап, оның мұрасын иеленейік.
Және оны ұстап алып, жүзімдіктен шығарып, өлтіріп тастады.
Жүзімдіктің иесі не істейді? — Келіп, жүзім өсірушілерді өлтіріп, жүзімдікті басқаларға береді.
Сендер ешқашан жазбаларда: құрылысшылар қабылдамаған тас бұрыштың басына айналғаны туралы оқымадыңдар ма?
бұл Тәңірімізден, біздің көзімізге көрінетін керемет бар
Және Оны ұстап алуға тырысты, бірақ халықтан қорықты, өйткені астарлы әңгіме олар туралы екенін түсінді; және Оны тастап, кетіп қалды.
Сілтеме көшірілді