ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Марктан Інжілі, 1-тарау, 1-8-тармақтар)

gospel image
Құдай Ұлы Иисус Христостың Ізгі Хабарының басталуы,
пайғамбарларда жазылғандай: міне, Мен Сенің алдыңа Өз періштемді жіберемін, ол Сенің алдыңа Сенің жолыңды дайындайды.
Шөл далада айқайлаған дауыс: Тәңірімізге жол дайындаңдар, Оған түзу жол жасаңдар.
Иоанн шөл далада сенімге келтіре және күнәларараның кешірілуі үшін тәубеге келуге уағыз айтып келді.
Және оған бүкіл Иудей елі және Иерусалим тұрғындары келді және өз күнәларын дін жолына түсіре, барлығы өзенде шомылды.
Иоанн болса түйе жүнінен жасалған киімді киіп, беліне былғары белбеу киіп, акридтер мен жабайы бал жеді.
Ал уағыздай отырып, былай деді: менің артымнан менен Мықты келе жатыр, мен еңкейіп Оның аяқ киімінің бауын байлау үшін лайықты емеспін;
мен сендерді сумен шомылдырамын, ал Ол сендерді Киелі Рухпен шомылдырады.
Сілтеме көшірілді