ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Марктан Інжілі, 10-тарау, 17-27-тармақтар)

gospel image
Ол жолға шыққан кезде, оған біреу жүгіріп келіп, Оның алдына жығылады және Одан былай деп сұрайды: Игі Ұстаз! мәңгілік өмірді мұра ету үшін не істеуім керек?
Иисус оған былай деді: Мені не үшін игі деп атайсың? Бір Құдайдан басқа ешкім игі емес.
Өсиеттерді білесің бе: зинақорлық жасама, өлтірме, ұрлама, өтірік айтпа, ренжітпе, өз әкең мен анаңды құрметте.
Ол оған жауап ретінде былай деді: Ұстаз! мұның бәрін мен жастық шағымнан сақтадым.
Иисус, оған қарап, оны жақсы көріп, оған былай деді: саған бір нәрсе жетпейді: бар да, қолыңда бар нәрсені сат және кедейлерге тарат, сонда көкте қазынаға ие боласын; және қайтып келіп, крестіңді алып, Менің артымнан ер.
Ол болса осы сөзден қымсынып, қайғыға батып кетті, өйткені оның үлкен мүлкі болды.
Және, айналасына қарап, Иисус Өзінің шәкірттеріне былай дейді: байлыққа ие адамдарға Құдай Патшалығына кіру қаншалықты қиын!
Шәкірттері Оның сөздерінен түршігіп қалды. Бірақ Иисус оларға тағы да былай деп жауап береді: балалар! байлыққа үміттенгендер үшін Құдай патшалығына кіру үшін қаншалықты қиын!
Бай адамға Құдай Патшалығына кіруіне қарағанда, Түйеге иненің көзі арқылы өту ыңғайлырақ.
Олар өте таң қалды және өзара: кім құтыла алады? деп айтты.
Иисус оларға қарап былай деді: адамдар үшін бұл мүмкін емес, бірақ Құдай үшін емес, өйткені Құдайға бәрі мүмкін.
Сілтеме көшірілді