ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Лукадан Інжілі, 16-тарау, 10-15-тармақтар)

gospel image
Аз нәрседе адал болған, көп нәрседе де адал болады, ал аз нәрседе адал емес, көп болғанда да адал болмайды.
Сонымен, егер сендер әділетсіз байлықта адал болмасаңдар, сендерге кім сенеді?
Егер бөтенде әділ болмасаңдар, сендерге өздеріңдікін кім береді?
Ешқандай қызметші екі мырзаға қызмет ете алмайды, өйткені ол біреуін жек көреді, ал екіншісін жақсы көретін болады, немесе біреуіне құлшыныс танытады, ал екіншісіне немқұрайлы болады. Құдайға және маммонға қызмет ете алмайсыңдар.
Мұның бәрін күмісті жақсы көретін фарисейлер де естіді және олар Оған күлді.
Ол оларға: сендер өздеріңді адамдар алдында әділ адам ретінде көрсетесіңдер, бірақ Құдай сендердің жүректеріңді біледі, өйткені адамдарда не жоғары болса, Құдай алдында ол жиіркенішті болады, — деді.
Сілтеме көшірілді