ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Марктан Інжілі, 10-тарау, 46-52-тармақтар)

gospel image

46 Иерихонға келеді. Және Ол Иерихоннан Өз шәкірттерімен және көптеген адамдарымен бірге шыққан кезде, соқыр адам Тимеевтің ұлы Вартимей жол бойында, зекет сұрап отырды.

47 Бұл Иисус Назорей екенін естіген бетте, ол айқайлап былай дейді: Давидтің ұлы, Иисус! маған рақымшылық ет.

48 Көбісі оның аузын жабуға тырысты; бірақ ол одан бетер айқайлай бастады: Давидтің ұлы! маған рақымшылық ет.

49 Иисус тоқтап, оны шақыруды бұйырды. Соқыр адамды шақырып алып, оған былай дейді: қорықпа, тұр, сені шақырып жатыр.

50 Ол сырт киімін шешіп, орнынан тұрып, Иисусқа келді.

51 Оған жауап бере отырып, Иисус былай деп сұрады: сен Менен не қалайсың? Соқыр оған былай деді: Ұстаз! көзім көріп кетсін.

52 Иисус оған былай деді: бар, сенің сенімің сені құтқарды. Және ол бірден көріп кетті және Иисуспен еріп кетті.

Сілтеме көшірілді