ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Лукадан Інжілі, 17-тарау, 3-10-тармақтар)

gospel image
Өздеріңді қадағалаңдар. Егер сенің ағаң саған қарсы күнә жасаса, оған сөгіс айт; егер өкінсе, оны кешір;
егер ол саған күніне жеті рет күнә жасаса және күніне жеті рет өкінішпен жүгінсе, оны кешіретін бол.
Және Апостолдар Иеге: біздің сенімізді артыр, — деді.
Жаратқан Ие былай деді: егер сендердің қыша дәні сияқты сенімдерін болса және інжір ағашына: жерден қопарылып және теңізге бар деп айтатын болсаңдар, онда ол сендерді тыңдар еді.
Сендердің қайсыларың, жұмыс істейтін немесе жайылымда жүретін құлға ие бола отырып, ол даладан келгеннен кейін оған: тез кел, үстелге отыр? — дейсіңдер.
Керісінше, оған: маған кешкі ас дайында, мен тамақ ішкенше беліңді буып алып маған қызмет ет, сосын өзің іш және же, демей ме?
Ол бұйрықты орындағаны үшін осы құлға алғыс білдіре ме? Мен олай ойламаймын.
Сол сияқты сендер де, сендерге бұйырғанның бәрін орындағанған кейін сендер былай айтасыңдар: біз түкке тұрмайтын құлдармыз, өйткені істеу керек нәрсенің бәрін жасадық.
Сілтеме көшірілді