ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Марктан Інжілі, 12-тарау, 28-37-тармақтар)

gospel image
Кітапшылдардың біреуі олардың пікірталастарын естіп, Иисустың оларға жақсы жауап бергенін көріп, жақындап Одан былай сұрайды: барлық өсиеттердің ең бастысы қайсысы?
Иисус оған былай жауап берді: барлық өсиеттердің біріншісі: тыңда, Израиль! Біздің Құдай Иеміз бір Иеміз;
және Құдай Иеңді бүкіл өз жүрегіңмен, бүкіл өз жаныңмен, бүкіл өз ақылыңмен және бүкіл өз күшіңмен сүй — бұл бірінші өсиет!
Екіншісі оған ұқсас: өзіңе жақыныңды өзіңді сүйгендей сүй; Осылардан үлкен басқа өсиет жоқ.
Кітапшыл оған былай дейді: жақсы, Ұстаз! Сен шындықты айттың, тек жалғыз Құдай бар және Одан басқа ештеңе жоқ;
және мен Оны бүкіл жүрегіммен және бүкіл ақылыммен, және бүкіл жаныммен және бүкіл күшіммен сүю және жақынымды өзімді жақсы көргендей жақсы көру, түгелдей өртенілетін құрбандықтардан артық.
Иисус, оның ақылмен жауап бергенін көріп, оған былай деді: сен Құдай Патшалығынан алыс емессің. Осыдан кейін ешкім Одан сұрауға батылы жетпеді.
Ғибадатханада оқуын жалғастыра отырып, Иисус былай деді: кітапшылдардың айтуы бойынша, Христос Давидтің ұлы екен?
Өйткені Давидің өзі Киелі Рухпен былай деген: Құдай менің Құдайыма былай деді: Менің оң жағымнан қашанға дейін Сенің жауларыңды Сенің аяқ астына салып беремін.
Сонымен, егер Давид Оны Құдай деп атаса, ол қалай оның Ұлы болады? Және көптеген адамдар Оны қуанышпен тыңдады.
Сілтеме көшірілді