ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Марктан Інжілі, 11-тарау, 1-11-тармақтар)

gospel image
Иерусалимге, Виффагия мен Вифанияға, Елеон тауына жақындағанда, Иисус Өз шәкірттерінің екеуін жібереді
және оларға былай деп айтады: тура алдыларыңда тұрған ауылға барыңдар; оған кіріп, бірден адамдардан ешкім отырмаған байланған жас есекті табыңдар; оны шешіп алып келіңдер.
Және егер біреу сендерден: сендер не істеп жатсындар? – деп сұраса, ол Тәңірімізге керек деп жауап беріңдер; және оны бірден сонда жібереді.
Олар барып, көшедегі қақпаға байланған жас есекті тауып алып, оны шешіп алады.
Және онда тұратындардың кейбірі олардан: не істеп жатырсыңдар? неге есекті шешіп алдыңдар? — деп сұрады.
Олар Иисус бұйырғандай оларға жауап берді; және аналар оларды жіберді.
Және Иисусқа есекті әкелді, және оның үстіне өз киімдерін қойды; Иисус оған отырды.
Көптеген адамдар киім-кешектерін жолға қойды, ал басқалары ағаштардан бұтақтарды кесіп, жолға қойды.
Және алдында болғандар және бірге жүрген адамдар: осанна! Құдай атынан Келе жатқан игі!
біздің Давид әкеміздің патшалығы Құдай атынан келе жатқан игі! осанна Аспан Патшалығы! — деп ұрандады.
Және Иисус Иерусалимге және ғибадатханаға кірді; және бәрін қарап шыққаннан кейін, уақыт өте келе, он екі шәкіртімен Вифанияға кірді.
Сілтеме көшірілді