ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Марктан Інжілі, 15-тарау, 22,25,33-41-тармақтар)

gospel image
Және Майтөбе деп аталатын Голгофа деген жерге Оны алып келді.
Сағат үште Оны керіп шегелеп тастады.
Сағат алтыда бүкіл жер бетін қараңғылық басып алды және сағат тоғызға дейін созылды.
Сағат тоғызда Иисус қатты дауыспен: Элои Элои! ламма савахфани! деп айқай салады? – бұл: Құдайым! Құдайым! Мені Сен не үшін қалдырдың? – дегенді білдіреді.
Кейбір осы жерде тұрғандар естіп, былай деді: міне, Илияны шақырып жатыр.
Және біреуі жүгіріп келіп, губканы сірке суымен толтырды да, таяққа салып, Оған ішуге берді және былай деді: тұра тұрыңдар, Илия Оны шешу үшін келеді ме екен көрейік.
Иисус қатты дауыстап, рухын шығарды.
Және ғибадатханадағы перде екіге, жоғарыдан төменге қарай бөлініп кетті.
Оған қарама-қарсы тұрған жүз басы, Оның осылай айқан салғанын көріп, рухын тапсырып, былай деді: шынымен де Бұл Адам Құдай Ұлы болды.
Алыстан қараған әйелдер де болды: олардың арасында Мария Магдалина да, кіші Иаковтың және Иосия мен Саломияның анасы Мария да болды,
сол кезде Ол Галилеяда болғандықтан, Оның соңынан еріп, Оған қызмет еткен және онымен бірге Иерусалимге келген көптеген адамдар болды.
Сілтеме көшірілді