ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Матай Інжілі, 25-тарау, 31-46-тармақтар)

gospel image
Адам Ұлы Өзінің даңқымен және Онымен бірге барлық қасиетті Періштелер келгенде, сонда Өзінің даңқ тағына отырады,
және барлық халықтар Оның алдында жиналады; және қойшы қойларды ешкілерден ажыратқандай бір-бірінен ажыратады;
және қойларды Өзінің оң жағына, ал ешкілерді сол жағына қояды.
Сонда Патша Оның оң жағында тұрғандарға былай дейді: келіңдер, Менің Әкем рақым еткендер, әлем жаратушының сендерге дайындаған Патшалықты мұраға алындар:
өйткені Менің қарным ашқанда, сендер Маған тамақ бердіңдер; шөлдегенде, Маған су бердіңдер; елкезбе болдым, және сендер Мені қабылдадыңдар;
киімсіз болдым, сендер Мені киіндіңдер; ауру болдым, сендер Маған жолықтындар; зынданда болдым, сендер Маған келдіңдер.
Сонда әділдер Оған жауап ретінде былай дейді: Тәңірім! біз сені аш болғанда, тамақтандырдық па? немесе шөлдегенде су бердік пе?
біз Сені ел кезбе болып жүргеніңді көріп, қабылдадық па? немесе киімсіз жүргенде киіндірдік пе?
біз Сені ауру екеніңді немесе зынданда екеніңді көріп, Саған келдік пе?
Және Патша оларға былай жауап береді: сендерге шынайы айтарым: сендер мұны Менің кішкентай бауырларымның біріне жасадыңдар, олай болса Маған да жасадыңдар.
Сонда сол жақта тұрғандарға да айтады: Менен, қарғыс атқандар, шайтанға және оның періштелеріне дайындалған мәңгілік отқа кетіңдер:
өйткені Мен аш болғанда, сендер Мені тамақтандырмадыңдар; шөлдегенде, Маған су бермедіңдер;
ел кезбе болып жүргенде, Мені қабылдамадыңдар; киімсіз болғанда, Мені киіндірмедіңдер; ауру болғанда және зынданда болғанда Маған келмедіңдер.
Сонда олар Оған жауап ретінде былай дейді: Тәңірім! біз Сені қарны аш, шөлдеген немесе ел кезбе, немесе киімсіз, немесе ауру немесе зынданда көрген кезде Саған қызмет етпедік пе?
Сонда оларға былай жауап береді: сендерге шынайы айтарым: сендер мұны осы кішкентайлардың біріне жасамадыңдар, онда Маған да жасамадыңдар.
Және олар мәңгілік азапқа, ал әділдер мәңгілік өмірге барады.
Сілтеме көшірілді