ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Лукадан Інжілі, 23-тарау, 1-34, 44-56-тармақтар)

gospel image
Және көпшілік тұрып, Оны Пилатқа әкелді.
және олар Иисусты айыптай былай деді: Ол біздің халқымызды бұзып, Өзін Христос Патша деп атады, кесарға салық төлеуге тыйым салғанын да білдік.
Пилат Одан: Сен иудейлердің Патшасысың ба?, — деп сұрады. Ол оған жауап ретінде: сен айтып отырсың ғой, — деді.
Пилат бас діни қызметкерлер мен халыққа: мен бұл кісіден еш кінә таппадым, — деді.
Бірақ олар, Оның Галилеядан бастап осы жерге дейін бүкіл Иудеяда тәлім беріп, халықты дүрліктіргенін айтып, дегеніне көндіре бастады.
Пилат Галилея туралы естіп: Ол Галилея тұрғыны ма? — деп сұрады.
Және Оның Ирод жерінен екенін біліп, Оны сол кезде Иерусалимде болған Иродқа жібереді.
Ирод Иисусты көргенде, қатты қуанады, өйткені ол Оны көптен бері көргісі келген болатын, өйткені ол туралы көп естіп, Одан бір керемет көремін деп үміттенеді.
Сөйтіп, Оған көп сұрақ қояды, бірақ Ол ешнәрсеге жауап бермейді.
Бас діни қызметкерлері мен дін ұстаздары тұрып, Иисусты қатты айыптайды.
Бірақ Ирод пен оның сарбаздары Оны менсінбей, мазақ етіп, ақшыл киім кигізіп, Пилатқа қайтарып жібереді.
Сол кездері Пилат пен Ирод бір-бірімен дос болды, өйткені олар бұрын бір-бірімен жау болып жүрген еді.
Пилат бас діни қызметкерлерді, әміршілерді және халықты шақырып алып,
оларға: сендер бұл адамды халықтың азғындаушысы ретінде маған әкелдіңдер. Міне, мен сендердің көз алдарыңда тергеп, сендер Оны айыптап отырған бұл кісінің ешбір кінәсі жоқ деп таптым, — дейді.
Ирод та солай ойлайды, өйткені мен Оны оған жібердім, және Одан өлтіруге лайық дейтіндей ештеңе табылмады;
сондықтан мен Оны жазалап, жіберемін.
Ал ол мереке күні бір тұтқынды босату керек болатын.
Бірақ бүкіл халық: өлтірілсін! деп айқайлай бастады, ал Варавваны бізге босат деді.
Варавва қалада бүлік жасағаны үшін және кісі өлтіргені үшін түрмеге жабылған болатын.
Пилат Иисусты босатқысы келіп, тағы да дауысын көтерді.
Бірақ олар: Оны айқышқа шегеле, айқышқа шегеле! — деп айқайлады.
Ол үшінші рет: Ол сендерге қандай жамандық жасады? Мен Одан өлтіруге лайық дейтіндей ештеңе таппадым; сондықтан мен Оны жазалап, жіберемін, — деді.
Бірақ олар Оның айқышқа шегеленуін талап ете отырып, қатты айқай бастады, олардың және бас діни қызметкерлердің айғайы қатты шықты.
Пилат олардың өтініші бойынша болады деп шешті,
және олар сұраған, бүлік жасап, кісі өлтіргені үшін түрмеде отырғанды босатып жіберді, ал Иисусты олардың еркіне берді.
Олар Оны алып шыққан соң, даладан келе жатқан Киренеялық Симонды ұстап алып, Иисустың соңынан алып жүру үшін үстіне айқыш тағып қойды.
Және көп адамдар мен әйелдер Оның соңынан еріп, жылап, Оны жоқтап келе жатты.
Иисус оларға бұрылып, былай дейді: Иерусалим әйелдері! Мен үшін жыламаңдар, өздерің үшін және балаларың үшін жылаңдар,
өйткені олар: бедеулер де, босанбаған құрсақтар да, емізбеген кеуделер де бақытты! дейтін күндер келеді.
Сонда тауларға былай айта бастайды: біздің үстімізге құлаңдар, және төбелерге: бізді жауып тастаңдар! — дейді
Өйткені егер олар жасыл ағашқа осылай жасаса, құрғақ ағашпен сондай не істейді?
Онымен бірге екі зұлым адамды да өлімге апарды.
Олар Басты жерге келгенде, Оны және зұлымдардың бірін оң жағына, екіншісін сол жағына шегеледі.
Иисус былай деді: Әке! оларды кешір, өйткені олар не істеп жатқандарын білмейді. Олар жеребе тастау арқылы Оның киімдерін бөледі.
Күндіз сағат алтының шамасы болған, және сағат тоғызға дейін бүкіл жерді қараңғылық басып тұрды:
және күн қараңғыланып, ғибадатхананың пердесінің ортасы жыртылды.
Иисус қатты дауыспен айқайлап: Әке! Мен Өз рухымды Сенің қолыңа тапсырамын, — деді. Осыны айтып, рухын берді.
Жүз басы не болып жатқанын көріп, Құдайды мадақтап, былай деді: расында, бұл кісі әділ адам болған екен.
Осы көрініске келгендердің барлығы не болып жатқанын көріп, кеуделерін соғып, қайта оралады.
Оны білетіндердің бәрі де, Галилеядан Оның соңынан ерген әйелдер де алыста тұрып, осыған қарап тұрды.
Сонда Иосиф есімді біреу, кеңес мүшесі, жақсы әрі шыншыл адам,
ол кеңеске және олардың істеріне қатыспаған; Құдай Патшалығын асыға күткен Иудея қаласы Аримафеядан болатын,
ол Пилатқа келіп, Иисустың денесін сұрады;
және Оны шешіп алып, орап, жартаста ойылған, әлі ешкім қойылмаған қабірге қояды.
Ол жұма күні болатын, және сенбі күні басталды.
Иисуспен бірге Галилеядан келген әйелдер де оның соңынан ереді, қабірге және Оның денесінің қалай жерленгенін қарады.
Олар қайтып оралғанда, хош иісті заттар мен майларды дайындады; демалыс күні олар өсиет бойынша тыныштықта болды.

 

Сілтеме көшірілді