ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Матай Інжілі, 17-тарау, 10-18-тармақтар)

gospel image
Және Оның шәкірттері Одан былай деп сұрады: кітапшылдардың Илия бұрын келуі керек деп айтқандары қалай?
Иисус оларға былай деп жауап берді: рас, Илия алдымен келіп, бәрін реттеуі керек;
бірақ сендерге айтарым, Илия келді, және оны танымады, онымен қалағандарын жасады; осылайша Адам Ұлы да олардан зардап шегеді.
Сонда шәкірттер Оның Шомылдырушы Иоанн туралы айтқанын түсінді.
Олар халыққа келгенде, Оған бір адам жақындап, Оның алдында тізесін бүгіп,
былай деді: Тәңірім! менің ұлыма рақым ете гөр; ол жаңа ай туғанда есерсоқтанады және қатты зардап шегеді, өйткені ол жиі отқа және жиі суға түседі,
мен оны Сенің шәкірттеріңе әкелдім, және олар оны емдей алмады.
Иисус жауап беріп, былай деді: о, опасыз және азғын ұрпақ! қашанға дейін сендермен боламын? қашанға дейін сендерге шыдамдылық танытамын? оны Маған әкеліңдер.
Иисус оған тыйым салды, және одан жын шықты; және бала сол сағатта сауығып кетті.
Сілтеме көшірілді