ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Матай Інжілі, 14-тарау, 14-22-тармақтар)

gospel image
Иисус шығып, көптеген адамдарды көрді және оларға жаны ашып, олардың арасында ауруларды емдеді.
Кеш батқан кезде, Оған Оның шәкірттері келіп, былай деді: мына жер шөлді және кеш болып кетті; халықты ауылдарына барып, өздеріне тамақ сатып алу үшін жіберші.
Бірақ Иисус оларға былай деді: оларға барудың қажеті жоқ, сендер оларға тамақ бересіңдер.
Олар оған былай айтады: бізде мына жерде тек бес нан және екі балық қана бар.
Ол былай деді: оларды Маған осында әкеліңдер.
Және халыққа шөптің үстіне жатуды тапсырды және бес нан мен екі балықты алып, аспанға қарады, батасын берді және нанды үзіп, шәкірттеріне берді, ал шәкірттері халыққа берді.
Және бәрі тамақтанды және тойды; және қалған үзінділерден толық он екі қорап жинады;
ал тамақ жегендер саны бес мыңға жуық болды, әйелдер мен балаларды қоспағанда.
Және дереу Иисус Өз шәкірттерін қайыққа кіруге және Одан бұрын Ол халықты жібергенше басқа жаққа баруға көндірді.
Сілтеме көшірілді