Тир мен Сидонның шегінен шығып, Иисус тағы да Галилея теңізіне Он қала одағы шекарасы арқылы өтті.
Оған саңырау тілі мүкісті алып келді және одан Оған қолын қоюды өтінді.
Иисус оны халықтан алшақтатып, Өзінің саусақтарын құлағына салып, түкіріп, тіліне қол тигізді;
және аспанға қарап, күрсініп, оған былай деді: «еффафа», яғни: ашыл.
Және бірден оның құлағы ашылып, оның тілінің байлануы шешіліп, таза сөйлей бастады.
Және оларға ешкімге айтпауды бұйырды. Бірақ Ол қанша айтпа деп бұйырса да, олар одан әрі айта бастады.
Және өте таң қалды және былай деді: бәрін жақсы жасайды – саңыраулар да еститін етеді, мылқауларды сөйлетіп жібереді.