ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Лукадан Інжілі, 1-тарау, 24-38-тармақтар)

gospel image
Осы күннен кейін оның әйелі Елисавета аяғы ауыр болады және бес ай бойы жасырады және өзіне былай деді:
осылайша Жаратқан Ие маған назарын аударып, адамдар арасындағы масқара күйімнен арылту үшін осылай жасады, — деді.
Алтыншы айда Назарет деп аталатын Галилея қаласына Құдайдан Гавриил Періштесі жіберілді,
Давидтың үйінен Иосиф есімді күйеумен некелескен Қызға жіберіледі; Қыздың аты: Мария.
Періште Оған кіріп, былай деді: Рақымды Қыз қуан! Жаратқан Ие Сенімен; Сен әйелдердің арасында рақымдысың.
Ол оны көріп, оның сөздерінен ұялып, бұл қандай сәлемдесу екен деп ойлады.
Періште Оған былай деді: қорықпа, Мария, өйткені Сен Құдайдан рақым алдың;
міне, құрсағыңда жүкті болып, Ұл туасың, Оған Иисус деген есім бересің.
Ол ұлы болады және Құдайдың Ұлы деп аталады және Оған Құдай Ие Давидтың, Оның әкесінің тағын береді;
және Иаковтың үйіне ғасырдан ғасырға билік етеді, ал Оның Патшалығы мәңгі болады.
Мария Періштеге былай деді: Мен күйеуімді білмесем, бұл қалай болады?
Періште Оған былай деп жауап берді: Киелі Рух Саған қонады, ал Әлем Билеушінің күші Саған көлеңкесін түсіреді; сондықтан туылған Қасиетті Құдайдың Ұлы деп аталатын болады.
Міне, Сенің туысың, бедеу болған Елисавета, және Ол өзінің қартайған шағында ұлына аяғы ауыр болды, алтыншы айға кетеді,
өйткені Құдайдың ешқандай сөзі әлсіз болмайды.
Сонда Мария былай деді: Мен, Иеміздің Құлымын; Маған сенің сөзің болсын. Осыдан кейін Періште Одан шығып кетті.
Сілтеме көшірілді