ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Матай Інжілі, 27-тарау, 1-56-тармақтар)

gospel image
Таң атқан кезде, барлық бас дін қызметшілері мен халықтың ақсақалдары Иисус туралы оның өліміне қатысты жиналыс өткізді;
және Оны байлап, Оны алып, билеуші Понтий Пилатқа тапсырды.
Сонда оған опасыздық жасаған Иуда Оның сотталғанын көріп, және өкініп, отыз күміс ақшасын бас дін қызметшілері мен ақсақалдарға қайтарып,
былай деді: мен кінәсіз қанға опасыздық жасап күнә жасадым. Олар болса оған былай деді: біздің не шаруамыз бар? өзің қара.
Және ғибадатханада күміс ақшаларды лақтырып, ол шығып кетеді, кетіп, буынып өледі.
Бас дін қызметшілері күміс ақшаны алып былай деді: оларды шіркеу қазынасына салуға болмайды, өйткені бұл қанның бағасы.
Жиналыс өткізіп, олар сол ақшаға кезбе адамдарды жерлеу үшін құмырашының жерін сатып алды;
сондықтан ол жер осы күнге дейін «қанды жер» деп аталады.
Сонда Иеремия пайғамбар арқылы айтылған сөздер орындалды, ол былай дейді: және Израильдің ұлдары бағалаған Бағаланғанның бағасын, отыз күміс ақшаны алды,
және Тәңіріміз маған айтқандай, оларды құмырашының жері үшін берді.
Иисус болса билеуші алдында тұрды. Және билеуші Одан былай деп сұрады: Сен Иудей патшасысың ба? Иисус оған былай деді: Сен солай дейсін.
Және оны бас дін қызметшілері мен ақсақалдар айыптаған кезде, Ол ештеңе деп жауап бермеді.
Сонда Пилат Оған былай деді: Саған қарсы қанша куә болып жатқанын естімейсің бе?
Және оған бірде бір сөзге жауап бермеді, тіпті билеуші қатты таң қалды.
Пасха мерекесінде билеуші халыққа өздері қалаған бір тұтқынды беруді әдет қылған.
Сонда оларда Варавва деп аталатын танымал тұтқын болды;
сонымен, олар жиналған кезде, Пилат оларға былай деді: мен сендерге кімді жібергенімді қалайсыңдар: Варавва немесе Иисус Христосты ма?
өйткені Оны қызғаныш үшін сатқанын білді.
Осы кезде ол сот орнында отырғанда, әйелі оған былай деп айтуды тапсырды: Ана Әділге ештеңе жасама, өйткені мен түсімде Ол үшін көп азап шектік.
Бірақ бас дін қызметшілері мен ақсақалдар халықты Варавваны сұрау, Иисусты құрту үшін сұрауға қоздырды.
Сонда билеушісі олардан былай деп сұрады: екеуінің қайсысын жібергенімді қалайсыңдар? Олар: Варавва деді.
Пилат оларға: «Мен Христос деп аталатын Иисусқа не істеймін? Оған барлығы былай деді: керіліп шегеленсін.
Билеуші былай деді: Ол сендерге қандай жамандық жасады? Бірақ олар одан да күштірек: керіліп шегеленсін деп айқайлады.
Пилат ештеңе көмектеспейтінін, керісінше абыржу көбейіп келе жатқанын көріп, су алып, халық алдында қолын жуып былай деді: мен Осы Әділдің қанына кінәлі емеспін; сендер қараңдар.
Және жауап бере отырып, бүкіл халық былай деді: Оның қаны бізде және біздің балаларымызда.
Сонда ол оларға Варавваны жіберді, ал Иисусты ұрып, керіп шегеледі.
Сонда билеушінің жауынгерлері Иисусты преторияға алып, Оған бүкіл полкты жинады
және Оны шешіндіріп, Оған қызғылт түсті мәуіті кең киімді кигізді;
және, тікенек өсімдіктен тәжді өріп, Оның басына қойды және Оның оң қолына таяқ берді; және Оның алдында тізе бүгіп, Оны мазақ етіп былай деді: қуан, Иудей патшасы!
және олар Оған түкіріп, және таяқты алып, Оны басынан ұрды.
Және Оны мазақ етіп біткен соң, Оның үстінен қызғылт түсті мәуіті кең киімін шешіп, Оны Өзінің киіміне киіндірді және Оны керіп шегелеуге әкетті.
Шығып бара жатып, олар Симон есімді бір Киринянмен кездесті; оны Оның кірестін көтеруге мәжбүр етті.
Және Адамдарды жазалап өлтіретін орын дегенді білдіретін Голгофа деп аталатын жерге келгенде,
Оған өтпен араластырылған сірке суын ішуге береді; және ол дәмін татып, ішкісі келмейді.
Оны керіп шегелегендер оның киімдерін жеребе тастап бөліп алды;
және отырып, Оны сол жерде күзетті;
және Оның басына Оның кінәсін білдіретін жазбаны қойды: бұл Иисус, Иудейдің патшасы.
Сонда екі қарақшы Онымен керіп шегеленді: біреуі оң жаққа, екіншісі сол жаққа.
Қасынан өткендер өз бастарын шайқап Оны жамандады
және былай деді: Ғибадатхананы қиратушы және үш күнде Жасаушы! Өз Өзіңді құтқар; егер сен Құдайдың Ұлы болсаң, кірестен түс.
Сол сияқты бас дін қызметшісі кітапшылдармен және қауым бастығы мен фарисейлер келеке етіп, былай деді:
басқаларды құтқарды, бірақ Өзін Өзі құтқара алмайды; егер ол Израилев Патшасы болса, онда енді кірестен түссін және сонда Оған сенеміз;
Құдайға сенді; егер Ол Оған ұнайтын болса, Оны енді құтқарсын. Өйткені Ол: Мен Құдайдың ұлымын деді.
Онымен қоса онымен керіліп шегеленген қарақшылар да Оны балағаттады.
Алтыншы сағаттан бастап қараңғылық бүкіл жер бетінде тоғызыншы сағатқа дейін болды;
ал тоғызыншы сағатта Иисус қатты дауыспен былай деді: Или, Или! лама савахфани? яғни: Құдайым, Құдайым! Мені Сен не үшін қалдырдың?
Сол жерде тұрған кейбіреулер мұны естіп, былай деді: Ол Илияны шақырып жатыр.
Және бірден олардың біреуі жүгіріп, губканы алып, сірке суымен толтырды және қамыс таяққа байлап Оған ішкізді;
ал басқалары былай деді: тоқта, Илия Оны құтқаруға келеді ме, көрейік.
Иисус тағы да қатты дауыстап, рух шығарды.
Және міне, ғибадатханадағы перде екіге, жоғарыдан төменге бөлінді; жер дірілдеп кетті; ал тастар жарылды;
және табыттар ашылды; қайтыс болған әулиелердің көптеген денелері қайта тірілді
және Оның тірілуі бойынша табыттан шығып, киелі қалаға кірді және көбісіне көрінді.
Онымен бірге Иисусты күзеткен жүзбасы жер сілкінісін және барлық оқиғаны көріп, қатты қорқып, былай деді: Ол шынымен Құдайдың Ұлы болды.
Ол жерде сонымен қатар Галилейден Оған қызмет еткен Иисустың соңынан ерген көптеген әйелдер болды және алыстан қарап тұрды;
олардың арасында Мария Магдалина мен Иаков пен Иосияның анасы Мария және Зеведеевтердің ұлдарының анасы болды.
Сілтеме көшірілді