ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Иоаннан Інжілі, 5-тарау, 30-47-тармақтар – 6-тарау, 1-2-тармақтар)

gospel image
Мен Өзімнен ештеңе жасай алмаймын. Қалай естимін солай соттаймын, және сотым Менің әділ; өйткені Мен өз еркімді іздемеймін, бірақ Мені жіберген Әкемнің еркін орындаймын.
Егер Мен Өзім туралы куәлік етсем, онда Менің куәлігім дұрыс емес болар еді.
Мені куәлік ететін басқа бар; және Мен Оның Мен жайында куәлік етуінің шынайы екенін білемін.
Сендер Иоаннға жібердіңдер, ол ақиқаттың куәсі болды.
Алайда, Мен адамнан куәлік алмаймын, бірақ мен оны сендердің құтқаруларың үшін айтамын.
Ол жанып тұрған және жарқыраған шам болды; және сендер оның жарығымен аз уақыт қуанғыларың келді.
Менде Иоанннан да үлкен айғақ бар: Әкем Маған берген істер үшін, Мен жасаған осы істер, Әкемнің Мені жібергенін көрсетіп тұр.
Мені жіберген Әкемнің Өзі Мен туралы куәлік етті. Сендер Оның дауысын ешқашан естімедіңдер де, Оның жүзін де көрмедіңдер;
және сендерде Оның сөзі жоқ, өйткені сендер Ол жібергенге сенбейсіңдер.
Жазбаларды зерттеңдер, өйткені сендер ол арқылы мәңгілік өмірге ие боламыз деп ойлайсыңдар; ал олар Мен туралы куәлік етеді.
Бірақ сендер өмір сүру үшін Маған келгілерің келмейді.
Мен адамдардан даңқ алмаймын,
бірақ Мен сендерді білемін: сендердің Құдайға деген сүйіспеншіліктерің жоқ.
Мен Әкемнің атынан келдім және Мені қабылдамайсыңдар; егер басқа біреу өз атынан келсе, оны қабылдайсыңдар.
Егер бір-бірлеріңнен даңқ қабылдап, Бір Құдайдан даңқ іздемей, қалай сене аласыңдар?
Мен сендерді Әкемнің алдында кінәлаймын деп ойламаңдар: сендер үміт артқан Моисей бар, ол сендерді айыптайды.
Егер сендер Моисейге сенсеңдер, онда Маған да сенер едіңдер, өйткені ол Мен туралы жазды.
Егер сендер оның жазбаларына сенбесеңдер, Менің сөздеріме қалай сенесіңдер?
Осыдан кейін Иисус Галилея теңізінің арғы жағына, Тивериада маңына барды.
Оның артынан көптеген адамдар ерді, өйткені олар Оның науқастарға жасаған кереметтерін көрді.
Сілтеме көшірілді