ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Марктан Інжілі, 15-тарау, 43-47-тармақтар – 16-тарау, 1-8-тармақтар)

gospel image
Аримафеядан Иаков, кеңестің әйгілі мүшесі келді, ол да өзі Құдай Патшалығын күтіп, Пилатқа кіруге батылы жетіп, Иисустың денесін сұрады.
Пилат Оның қайтыс болғанына таң қалды және жүз басын шақырып, одан қашан қайтыс болғанын сұрады.
Және жүз басынан біліп, денені Иосифқа береді.
Ол үлкен платты сатып алып, Оны шешіп, оны платпен орайды және Оны жартасқа ойып салынған табытқа салады, және табыттың есігіне тасты қояды.
Мария Магдалина мен Мария Иосиева Оны қай жерде көмгенін көрді.
Сенбі күні Мария Магдалина мен Мария Иаковлева мен Саломия хош иістерді Оны майлауға бару үшін сатып алды.
Ерте, аптаның бірінші күні олар күн шыққан кезде табытқа келеді,
және өзара былай деп айтады: бізге табыт есігінен тасты кім қозғалтып береді?
Және, қарап, олар тастың құлап жатқанын көреді; ал ол өте үлкен болған.
Және табытқа кіріп, ақ киім киген оң жағында отырған жас жігітті көрді; және қорқып кетті.
Ол оларға: қорықпаңдар деді. Керіліп шегеленген Назарянин Иисусты іздеп жүрсіңдер; Ол қайта тірілді, Ол мына жерде жоқ. Міне, Ол қойылған жер.
Бірақ барыңдар, Оның шәкірттері мен Петрге Ол сендерді Галилеяда күтеді; Ол сендерге айтқандай, Оны сол жерде көресіңдер деп айтыңдар.
Және олар шығып, табыттан қаша жүгірді; олар қорқыныш пен сұмдыққа тап болды, және ешкімге ештеңе айтпады, өйткені олар қорықты.

 

Сілтеме көшірілді