Осыдан кейін иудейлердің мерекесі болды және Иисус Иерусалимге келді.
Иерусалимде қой қақпасында бес жабық жолы болған еврейше Вифезда деп аталатын хауыз бар еді.
Ол жерде көптеген судың қозғалысын күткен науқастар, соқырлар, ақсақтар, сал болып қалған адамдар жатты,
Иеміздің періштесі уақыт өте келе хауызға түсіп, суды қозғайтын, ал су қозғалған кезде оған алғаш кірген адам қандай ауруы болмасын, сауығып шығатын.
Мұнда отыз сегіз жыл бойы ауруында болған адам болды.
Иисус оның жатқанын көріп, оның ұзақ уақыт жатқанын біліп, оған: сау болғың келе ме, — деді?
Науқас оған былай жауап берді: солай, Ием; бірақ су қозғалған кезде мені хауызға түсіретін адам жоқ; мен келгенше, басқасы менен бұрын барып алады.
Иисус оған: тұр да, төсегіңді алып, жүр, — деді.
Сол мезетте ол сауығып, тұрып, төсегін алып, кетті. Бұл сенбі күні болды.
Сондықтан иудейлер сауыққанға: бүгін сенбі; саған төсегіңді алып жүруге болмайды, — деді.
Ол оларға жауап бере: мені сауықтырған Адам, маған: төсегіңді алып, жүр деп айтты, — деді.
Одан: саған төсегіңді алып дүр деп айтқан Адам кім? — деп сұрады
Сауыққан Оның кім екенін білмеді, өйткені Иисус сол жерде болған адамдар арасына кіріп кеткен.
Содан кейін Иисус оны ғибадатханада кездестіріп, оған: міне, сен сауығып кеттің; бұдан әрі күнә жасама, сондықтан саған одан да жаман нәрсе болмас үшін, — деді.
Бұл адам барып иудейлерге оны сауықтырған Иисус екенін жариялады.