ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Иоаннан Інжілі, 7-тарау, 1-13-тармақтар)

gospel image
Осыдан кейін Иисус Галилеяны аралап жүрді, өйткені иудейлер Оны өлтіруді іздегендіктен Иудеяға барғысы келмеді.
Иудейлердің күркелер мерекесі жақындап қалды.
Сонда Оның ағалары Оған: осы жерден шығып, Иудеяға бар, сонда шәкірттерің Сен істеген істеріңді көрсін.
Ешкім жасырын ештеңе жасамайды және өзін-өзі танытуды іздейді. Егер Сен осындай істер жасасаң, онда Өзіңізді әлемге көрсет, — деді.
Өйткені Оның ағалары да Оған сенбеді.
Иисус оларға: Менің уақытым әлі келген жоқ, ал сендер үшін уақыт қашанда болса бар, — деді.
Әлем сендерді жек көре алмайды, ал Мені жек көреді, өйткені Мен оның істері жаман екенін куәландырамын.
Сендер осы мерекеге барыңдар; Мен бұл мерекеге әлі бармаймын, өйткені Менің уақытым әлі келмеді, — деді.
Оларға бұны айтып, Өзі Галилеяда қалды.
Бірақ Оның ағалары келгенде, Ол мерекеге ашық емес, бырақ жасырын түрде келді.
Иудейлер Оны мерекеде іздеп: Ол қайда? — деді.
Ол туралы халық арасында көп сөздер айтылды: кейбіреулері Оны мейірімді деп айтты; ал басқалары: жоқ, бірақ халықты азғырады деді.
Алайда, иудейлерден қорқып, Ол туралы ешкім нақты ештеңе айтқан жоқ.
Сілтеме көшірілді