ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Иоаннан Інжілі, 8-тарау, 42-51-тармақтар)

gospel image
Иисус оларға: Құдай сендердің Әкелерің болса, онда сендер Мені жақсы көретін едіңдер, Мен Құдайдан шықтым және келдім, өйткені; Мен Өзімнен келмедім, бірақ Ол Мені жіберді.
Неліктен Менің сөзімді түсінбейсіңдер? Себебі сендер Менің сөздерімді ести алмайсыңдар.
Сендердің әкелерің шайтан; және сендер әкелеріңнің құмарлықтарын орындағыларың келеді. Ол басынан бастап өлтіруші болған және шындықта тұра алмады, өйткені онда шындық жоқ. Ол өтірік айтқан кезде, ол өзінің өтірігін айтады, өйткені ол өтірікші және өтіріктің әкесі.
Мен шындықты қалай айтқандықтан, сендер Маған сенбейсіңдер.
Сендердің қайсыларың Мені жалғандыққа әшкерлей аласыңдар? Егер Мен шындықты айтсам, неге Маған сенбейсіңдер?
Кім Құдайдан болса, ол Құдайдың сөздерін тыңдайды. Сендер Құдайдан болмағандықтарыңнан тыңдамайсыңдар, — деді.
Иудейлер бұған жауап бере Оған: біз Сенің Самарияндық екеніңді және Сенде жын бар деп дұрыс айтып тұрған жоқпыз ба? — деді.
Иисус жауап бере: Менде жын жоқ; бірақ Мен Әкемді құрметтеймін, ал сендер Мені қорлайсыңдар.
Алайда Мен Өзімнің даңқымды іздемеймін: Іздеуші де, Бағалаушы да бар.
Рас, аумин сендерге айтамын: кім Менің сөзімді құрметтесе, ол мәңгі өлмейді, — деді.
Сілтеме көшірілді