ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Иоаннан Інжілі, 9-тарау, 39-41-тармақтар – 10-тарау, 1-9-тармақтар)

gospel image
Иисус: Мен бұл әлемге көрмейтіндер көріп, ал көргендердің соқыр болулары үшін сотқа келдім, — деді.
Мұны естіген кейбір Онымен болған фарисейлер Оған: біз шынымен соқырмыз ба? — деді.
Иисус оларға: егер сендер соқыр болсаңдар, онда сендерде күнә болмас еді; бірақ сендер көреміз деп айтқандықтарыңнан, күнә өздеріңде қалады, — деді.
Рас, шындықты сендерге айтамын: кім қойдың ауласына есік арқылы кірмесе, бірақ басқа жерден кірсе, сол ұры және қарақшы;
ал есікпен кіретін қой бағушы.
Қарауыл оған есік ашады, және қойлар оның дауысын естиді, ал ол қойларын атымен атайды және оларды шығарады.
Қойларын шығарғаннан кейін олардың алдында жүреді; ал қойлар оның дауысын білетіндіктен оның артынан жүреді.
Олар бейтаныс адамдардың соңынан ермейді, бірақ олар одан қашады, өйткені олар басқа біреудің дауысын білмейді, — деді.
Иисус оларға осы мысалды айтты; бірақ олар Оның не айтқанын түсінбеді.
Сонымен, Иисус тағы да оларға: рас, шындықты сендерге айтамын, Мен қойлардың есігімін.
Барлығы, Менің алдымда қанша болса да, ұрылар мен қарақшылар; бірақ қойлар оларды тыңдамады.
Мен есікпін: кім Мен арқыры кірсе, ол құтқарылады, ол кіреді, шығады, және жайылым табады.
Сілтеме көшірілді