ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Иоаннан Інжілі, 10-тарау, 17-28-тармақтар)

gospel image
Сондықтан Әкем Мені жақсы көреді, Мен қайтадан қабылдау үшін өмірімді бергенім үшін.
Оны Менен ешкім алып кетпейді, бірақ Мен Өзім беремін. Мен оны беруге билігім бар және оны қайтадан қабылдауға билігім бар. Бұл өсиетті Мен Әкемнен алдым, — деді.
Осы сөздерден қайтадан иудейлер арасында араздық пайда болды.
Олардың көпшілігі: Ол жын-перілерге құмар және ессіз; Оны неге тыңдайсыңдар? — деді.
Басқалары: бұл сөздер жын-перілері бар адамдікі емес; жын соқыр көзді аша ала ма? — деді.
Сол кезде Иерусалимде жаңару мерекесі келді, сонда қыс мерізімі болатын.
Иисус ғибадатханада, Соломон пайғамбардың ғимаратында жүрді.
Мұнда иудейлер оны қоршап алып, Оған: бізді қашанға дейіін түсінбестікте ұстайсың? Егер Сен Христос болсаң, бізге ашығын айт, — деді.
Иисус оларға жауап бере: Мен сендерге айттым ғой, сендер сенбейсіңдер; Мен Әкемнің атынан жасаған істерім, олар Мен жайында куәлік етеді.
Бірақ сендер сенбейсіңдер, өйткені Мен айтқанымдай, сендер Менің қойларымнан емесіңдер.
Менің қойларым Менің дауысымды тыңдайды, Мен оларды білемін; және олар Менің артымнан жүреді.
Мен оларға мәңгілік өмір беремін және олар мәңгі өлмейтін болады; және ешкім оларды Менің қолымнан ұрлап ала алмайды.
Сілтеме көшірілді