Менің қойларым Менің дауысымды тыңдайды, Мен оларды білемін; және олар Менің артымнан жүреді.
Мен оларға мәңгілік өмір беремін және олар мәңгі өлмейтін болады; және ешкім оларды Менің қолымнан ұрлап ала алмайды.
Маған оларды берген Әкем бәріненде ұлы; және ешкім оларды Әкемнің қолынан ұрлай алмайды.
Мен және Әкем бір, — деді.
Мұнда иудейлер Оны ұру үшін тағы қолдарына тас алды.
Иисус оларға жауап бере: Мен сендерге Әкемнен көптеген игі істер көрсеттім; олардың қайсысына Мені таспен ұрғыларың келеді? — деді.
Иудейлер оған жауап бере: біз Сені игі істерің үшін таспен ұрайын деп тұрған жоқпыз, бірақ Құдайға тіл тигізенің үшін, және адам бола тұра Өзіңді Құдайға теңегенің үшін, — деді.
Иисус оларға жауап бере: сендердің заңдарыңда былай деп жазылған ғой: Мен айттым: сендер құдайсыңдар, деп.
Егер Ол Құдай сөзі бар адамдарды құдайлар деп атаса және Жазба бұзылмаса, —
Әкесі қасиетті етіп, әлемге Жібергенді: Мен Құдайдың Ұлымын, деп айтқанына, Құдайға тіл тигізді, деп айтасыңдар ма?
Егер Мен Әкемнің ісін жасамасам, Маған сенбеңдер;
егер Менің жасағаныма сенбесеңдер, онда Менің істеріме сеніңдер, Әкем Менде екенін және Мен Әкемде екенін біліп сенулерің үшін, — деді.