ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Матай Інжілі, 15-тарау, 32-39-тармақтар)

gospel image
Иисус болса Өз шәкірттерін шақырып, оларға былай деді: үш күн бойы Менің қасымда жүргені үшін халықты аяймын, оларға жейтін ештеңе жоқ; оларды жолда әлсіреп қала ма деп, аш қарынмен жібергім келмейді.
Және Оның шәкірттері Оған былай дейді: шөл далада соншама халықты тамақтандыру үшін қанша нанды қайдан табамыз?
Иисус оларға былай дейді: сендерде қанша нан бар? Олар былай деді: жеті және кішкене балық бар.
Сонда ол адамдарға жерге жатуды бұйырды.
Және жеті нан мен балықты алып, ризашылық білдіріп, сындырып, Өз шәкірттеріне, ал шәкірттері халыққа берді.
Және олар бәрін жеп, қанықты; қалған бөліктерді жеті себетке толтырып алды,
ал жегендер саны әйелдер мен балаларды қоспағанда төрт мың адам болды.
Және халықты жіберіп, Ол қайыққа кіреді және Магдалинск шекарасына келеді.
Сілтеме көшірілді