ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Иоаннан Інжілі, 16-тарау, 2-13-тармақтар)

gospel image
Сендерді синагогалардан қуады; тіпті сендерді өлтірген адам Құдайға ол арқылы қызмет етеді деп ойлайтын уақыт келеді.
Олар Әкемді де, Мені де білмегендіктен солай істейді.
Бірақ Мен сендерге бұл жайында уақыт келгенде айтқанымды естеріңе түсірулерің үшін сендерге айттым; басында бұл туралы айтпадым, өйткені сендермен бірге болдым.
Ал енді Мені Жібергенге барамын, сендердің есқайшыларың Меннен сұрамайды: қайда бара жатырсың? — деп.
Бірақ Мен сендерге осыны айтқаннан, сендердің жүректерің қайғыға толды.
Бірақ Мен сендерге шындықты айтамын: Менің барғаным жақсы; егер бармасам, Жұбатушы сендерге келмейді; егер барсам, Оны сендерге жіберемін,
Ол келіп, әлемнің күнәсін, шындығын және сотын көрсетеді:
Маған сенбеген күнәсі туралы;
Мен Әкеме бара жатқан Шындық туралы, және енді Мені көрмейтіндеріңді;
әлемнің князі сотталған — сот туралы.
Сендерге тағы да көп нәрсені айтқым келеді; бірақ қазір сендер оны түсіне алмайсыңдар.
Ол келгенде, ақиқат Рухы, Ол сендерді барлық шындыққа үйретеді: Ол Өзінен сөйлемейді, бірақ ол естігенін айтады, және болашақты сендерге хабарлайды.
Сілтеме көшірілді