ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Иоаннан Інжілі, 16-тарау, 15-23-тармақтар)

gospel image
Әкеде болғанның бәрі Менікі; сондықтан Меннен алып, сендерге жариалайды дедім.
Көп ұзамай сендер Мені көрмейсіңдер, содан кейін көп ұзамай Мені қайтып көресіңдер, өйткені Мен Әкеге барамын, — деді.
Мұнда Оның кейбір шәкірттері бір-біріне: Ол бізге не дейді: Мені көп ұзамай көрмейсіңдер, содан кейін көп ұзамай Мені қайтып тағы көресіңдер: Мен Әкеге бара жатырмын деп айтқаны нені білдіреді?.
Сонымен олар: Ол не дейді: жақында дегені не? Не айтатынын білмейміз — деді.
Иисус Одан сұрағысы келетінін түсініп, оларға: сендер бір-бірлеріңнен Мен айтқанымды: көп ұзамай Мені көрмейсіңдер, содан кейін көп ұзамай Мені қайтып көресіңдер дегенімді сұрап жатырсыңдар ма?
Рас, сендерге шындықты айтамын: сендер жылап, еңірейсіңдер, ал әлем қуанады; сендер қайғылы боласыңдар, бірақ сендердің қайғыларың қуанышқа айналады.
Әйел босанатын кезде қиналады, өйткені оның уақыты келді; бірақ нәресте дүниеге келгенде, ол қуаныштан қайғы-қасіреттін есіне алмайды, өйткені адам дүниеге келді.
Сонымен, сендер қазір қайғылысыңдар; бірақ Мен сендерді қайтып көремін, сонда жүректерің қуанышқа толады және сендердің қуаныштарыңды ешкім сендерден ала амайды;
және сол күні сендер Меннен ештеңе сұрамайсыңдар. Сендерге шындықты айтамын: Әкемнен Менің атымнан не сұрасаңдар да, Ол сендерге береді.
Сілтеме көшірілді