ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Матай Інжілі, 14-тарау, 22-34-тармақтар)

gospel image
Және дереу Иисус Өз шәкірттерін қайыққа кіруге және Одан бұрын Ол халықты жібергенше басқа жаққа баруға көндірді.
Және халықты жіберіп, Ол тауға жалғыз дұға ету үшін көтерілді; және кешке сол жерде жалғыз қалды.
Ал қайық ол кезде теңіздің ортасында болды және оны толқын ұрғыштады, өйткені жел қатты болды.
Түннің төртінші қарауылында Иисус оларға теңіз арқылы өтіп барады.
Және шәкірттері Оны теңіз арқылы келе жатқанын көріп, дабыл қағып былай дейді: бұл елес; және қорыққаннан айғай салады.
Бірақ Иисус сол кезде олармен сөйлесіп, былай деді: жігерлендер; бұл Мен, қорықпаңдар.
Петр оған былай деп жауап берді: Тәңірім! егер бұл Сен болсаң, маған Саған су арқылы келуді бұйыр.
Ол: кел деді. Және қайықтан шығып, Петр Иисусқа жақындау үшін су арқылы барады,
бірақ қатты желді көріп, қорқып, суға бата бастайды, Тәңірім! мені құтқар деп айқайлайды.
Иисус бірден қолын созып, оны ұстап алады және оған былай дейді: сенімсіз! неге сен күмәндандың?
Және олар қайыққа кіргенде, жел басылды.
Қайықта болғандар жақындап, оған тағзым етіп былай дейді: Сен шынымен Құдайдың Ұлысың.
Және өтіп, Геннисарет жеріне келеді.
Сілтеме көшірілді