ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Матай Інжілі, 5-тарау, 20-26-тармақтар)

gospel image
Өйткені, сендерге айтамын, егер сендердің әділдіктерің кітапшылдар мен фарисейлердің әділдігінен аспаса, онда сендер Аспан Патшалығына кіре алмайсыңдар.
Сендер ертеде айтылғандарды естідіңдер ме: өлтірме, кім өлтірсе, сол сотқа тартылады.
Ал Мен саған айтарым, өз ағасына бекер ашуланған кез-келген сотқа тартылады; ал ағасына: «рака» деп айтатын, синдроинға жатады; және кім: «ақылсыз» деп айтса, тозақ отына жатады.
Сонымен, егер сен өз сыйлығыңды құрбандық жеріне әкелсең және онда бауырың саған қарсы бірдеңесі бар екенін есіңе түсірсең,
өз сыйлығыңды сол құрбандық жерінің алдына қалдыр, және алдымен өз бауырыңмен татулас және содан кейін өз сыйлығыңды алып кел.
Қарсыласың сені сотқа, ал сот сені малайына бермегенше және сені зынданға тастамағанда, өз қарсыласыңмен бір жолда келе жатқан уақытында тезірек татулас;
саған шынайы айтамын: сен соңғы кодрантқа дейін бергенше, ол жақтан шыға алмайсың.
Сілтеме көшірілді