Сонымен кім Мені адамдардың алдында мойындаса, Мен де оны Аспандағы Әкемнің алдында мойындаймын;
ал кім адамдар алдында Менен бас тартса, Мен Аспандағы Әкемнің алдында бас тартамын.
Және Менен артық әкесін немесе анасын кім жақсы көрсе, ол Мен үшін лайық емес; Менен артық ұлын немесе қызын жақсы көретін болса, ол Мен үшін лайық емес;
және кім өз крестін алмайтын болса және Менің артымнан еремейтін болса, ол Мен үшін лайық емес.
Өз жанын сақтаған
Сонда Петр жауап беріп, Оған былай деді: міне, біз бәрін тастап, Сенің соңынан ердік; бізге не болады?
Иисус оларға былай деді: сендерге шынайы айтарым, Менің артымнен еріп сендер – жаңа болмыста боласыңдар, Адам Ұлы Өз даңқының тағына отырған кезде, сендер де Израилдің он екі буынын он екі тақта отырып соттайтын боласындар.
Және кімде кім үйін немесе бауырларын, немесе қарындастарын, немесе әкесін, немесе анасын, немесе әйелін, немесе балаларын, немесе жерін, Менің атым үшін қалдырса, жүз есе артығымен алады және мәңгілік өмірге мұра болады.
Көбісі бірінші соңғылары және соңғысы бірінші болады.