ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Матай Інжілі, 9-тарау, 36-38-тармақтар – 10-тарау, 1-8-тармақтар)

gospel image
Қаптаған халықты көріп, олар бағушысы жоқ қойлар сияқты қалжыраған және шаршаған күйде болғандықтан, Ол оларды аяп кетті.
Сонда Өз шәкірттеріне былай дейді: егін көп, ал жасаушылар аз;
сонымен, жасаушыларды Өз егініне жіберу үшін егін Иесіне дұға етіңдер.
Өзінің он екі шәкірттерін шақырып алып, Ол оларға зұлым рухтарды қуып, кез-келген ауру мен кез-келген дәрменсіздікті емдеу үшін билік берді.
Есімдері мынандай он екі Апостолдар: Петр деп аталатын бірінші Симон және оның ағасы Андрей, Иаков Зеведеев және оның ағасы Иоанн,
Филипп және Варфоломей, Фома және Матфей салықшы, Иаков Алфеев және Фаддей деп аталған Леввей,
Симон Кананит және Оны сатып кеткен Иуда Искариот.
Иисус он екіні жіберіп, оларға: пұтқа табынушылардың жолына түспеңдер және Самарян қаласына кірмеңдер деп, өсиетін тапсырады;
одан да Израилев үйінің өлген қойларына барыңдар;
жүріп, Аспан Патшалығының жақындағанына уағыз етіңдер;
ауруларды емдеңдер, алапестерді тазартыңдар, өлгендерді тірілтіңдер, жындарды қуыңдар; тегін алсдыңдар, тегін беріңдер.
Сілтеме көшірілді