ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Матай Інжілі, 10-тарау, 23-31-тармақтар)

gospel image
Олар сендерді бір қаладан қуған кезде, басқа қалаға қашындар. Өйткені сендерге шынайы айтарым: Адам Ұлы келгенге дейін, Израил қалаларын айналып өтіп үлгермейсіндер.
Шәкірт ұстазынан жоғары емес, және құл өз қожайынынан жоғары емес:
шәкірт үшін оның ұстазы сияқты болса және құл үшін оның қожайыны сияқты болса жеткілікті. Егер үй иесін веельзевул деп атаса, оның үйдегілеріне жеткілікті емес пе?
Сонымен олардан қорықпаңдар, өйткені ашылмайтын сырлы және танылмайтын құпиялы ештеңе жоқ.
Қараңғыда не айтсам, жарықта соны айтыңдар; және құлақтарыңмен не естісеңдер, шатырларда соны уағыздаңдар.
Және денені өлтіретіндерден қорықпаңдар, олар жанды өлтіре алмайды; ал тозақ отында жан мен денені өлтіре алатыннан қорқыңдар.
Ассарийге екі кішкентай құс сатылмайды емес пе? Және олардың бірде-біреуі сендердің Әкелеріңнің еркінсіз жерге құламайды;
сендерде болса сендердің шаштарыңның бәрі есептелген;
қорықпаңдар: сендер көптеген кішкентай құстардан жақсысыңдар.
Сілтеме көшірілді