ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Матай Інжілі, 13-тарау, 10-23-тармақтар)

gospel image
Және шәкірттері келіп, Оған былай деді: оларға не үшін астарлы әңгімелермен айтасың?
Ол оларға былай деп жауап берді: себебі сендер Аспан Патшалығының құпияларын білесіндер, ал олар білмейді,
өйткені кімде бар болса, соған беріледі және көбейтіледі, ал кім жоқ болса, онда одан қолында бары да тартып алынады;
сондықтан оларға астарлы әңгімелермен айтамын, өйткені олар көріп тұрып, көре алмайды, және естіп тұрып, ести алмайды және түсінбейді;
және Исаия пайғамбарлығы олардың үстінде орындалады, ол былай дейді: құлақпен естисіңдер — бірақ түсінбейсіндер, көздермен қарайтын боласындар — бірақ көрмейсіндер,
өйткені бұл адамдардың жүрегі бос болып кеткен және құлақтарымен нашар естиді, және өз көздерін жұмып алған, сондықтан көздерімен көрмейді және құлақтарымен естімейді, және жүректерімен түсінбейді және Мен оларды емдеу үшін жүгінбейді.
Сендердің көрген көздерің және естіген құлақтарың бақытты,
өйткені мен сендерге шынайы айтарым, көптеген пайғамбарлар мен әділдер сендердің көргендеріңді, көргісі келді, бырақ көрмеді және естігендеріңді естігісі келді, бырақ естімеді.
Сендер болсаңдар себуші туралы астарлы әңгіменің мағынасын тыңдаңдар:
Патшалық туралы сөзді еститін және бірақ түсінбейтін әрқайсысына жын келеді және оның жүрегіндегі егілгенді ұрлайды — міне бұл жолда егілген деп осыны білдіреді.
Ал тасты жерлерде егілген деп сөзді естіген және оны бірден қуанышпен қабылдайтынды білдіреді;
бірақ өзінің тамыры жоқ және тұрақсыз: қайғы немесе сөзді қудалау басталған кезде, ол бірден азғырылады.
Ал тікенек өсімдікке себілген деп сөзді еститінді, бірақ осы ғасырдың қамқорлығы мен байлықтың азғырылуы сөзді өшіреді және ол нәтижесіз болады дегенді білдіреді.
Жақсы жерге себілген деп сөзді еститін және түсінетінді, сонымен қатар жеміс беретінді білдіреді, тіпті өзге жүз есе, өзге алпыс, ал өзге отыз есе жеміс береді.
Сілтеме көшірілді