ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Матай Інжілі, 13-тарау, 36-43-тармақтар)

gospel image
Сонда Иисус халықты босатып, үйге кірді. Және Оған келіп, Оның шәкірттері былай деді: бізге алаңдағы үйбидайық туралы астарлы әңгімені айтып берші.
Ол болса оларға былай жауап берді: жақсы тұқым отырғызатын ол Адам Ұлы;
дала бұл әлем; жақсы тұқым, бұл Патшалықтың ұлдары, ал үйбидайықтар — айлакердің ұлдары;
оларды сепкен жау — шайтан; өнімі — ғасырдың соңы, ал орақшылар Періштелер мәні.
Сондықтан, үйбидайықты жинап, от жаққан кезде, ғасырдың соңында да осылай болады:
Адам Ұлы Өз Періштелерін жібереді және Оның Патшалығынан барлық азғырулар мен заңсыздық жасайтындарды жинап алады,
және оларды өрт пешіне лақтырады; онда жылау және тістерін шықырлататын болады;
сонда әділдер Әкелерінің Патшалығында күн сияқты жарқырайды. Кімнің еститін құлағы бар, естісін!
Сілтеме көшірілді