ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Матай Інжілі, 22-тарау, 23-33-тармақтар)

gospel image
Сол күні Оған қайта тірілу деген жоқ деп айтатын саддукейлер келеді де, Одан былай деп сұрайды:
Ұстаз! Моисей былай деген: егер біреу баласыз өлсе, онда ағасы оның әйелін алып, өз ағасының тұқымын қалпына келтірсін;
біз жеті ағайынды болдық; біріншісі, үйленіп, қайтыс болды және балалары болмады, әйелін өз ағасына қалдырды;
екінші де, үшінші де, тіпті жетіншіге дейін солай болды; 27 барлығынан кейін әйелі де қайтыс болды;
сонымен, қайта тірілу кезінде ол жетеуінің ішінде қайсысының әйелі болады? өйткені бәрі оны иеленді.
Иисус оларға былай деп жауап берді: Жазбаларды да, Құдайдың құдіретін де білмей шатастыңдар,
өйткені қайта тірілу кезінде үйленбейді де, тұрмысқа шықпайды да, бірақ аспандағы Құдайдың Періштелері сияқты болады.
Ал өлгендердің қайта тірілуі туралы сендер Құдайдың айтқан сөздерін оқыған жоқсындар ма:
Мен Авраам Құдайы, және Исаак Құдайы, және Иаков Құдайының сөздерін? Құдай өлгендердің Құдайы емес, тірілердің Құдайы.
Және мұны естіп, халық Оның іліміне таң қалды.
Сілтеме көшірілді